Ұлылардың ұлағатты мұрасы
«Ел болуға өзінің тілі, діні, салты мен әдебиет- мәдениеті бар ел ғана тұғырлы бола алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз»-деген Ахмет Байтұрсынұлы. Ұлттың барша мұрасы саналы да салиқалы ұрпаққа аманат етіледі. Осы орайда, Тегістік ауылдық кітапханасында «Ұлылардың ұлағатты мұрасы» атты онлайн библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Шара мақсаты: Ата-бабадан қалған ұлағатты ғибрат алар сөздерді ұғындыру, мағынасын түсіндіру. Осы мақсатта Ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармалары таныстырылды. Шығармаларын насихаттау арқылы Абай мұрасын оқуға шақыру. Қазақстанның келешегі жастарды өмірде рухани білімді, саналы, ойлы тұлға етіп қалыптастыруда, «Мен қазақпын» деген әрбір азаматтың жүрегінде, ақыл санасында «Абайтану» мұрасын дамыту. Абай мұрасы- адамды адам етіп тәрбиелеудің жан- жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнары. Абай поэзиясының ерекшелігін таныту арқылы жастарымызды адамгершілікке, сұлулыққа, отансүйгіштікке баулуда Абай әлемін жаңа бағыттағы іздену арқылы мазмұнды, мағыналы шараларды өткізуді ұйымдастыруымыз керек.
Шара барысы Қуат алып Абайдың тіл күшімен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден — деп жырлаған
Мұқағали Мақатаев жырларымен басталды. Абай қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана, ғұлама әдебиетіміздің шоқтығы биік ірі тұлғасы. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертер кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды. Мұнда кітапхана қорынан жинақталған әдебиеттер тізімі қойылды. Атап айтар болсақ Абай «Қара сөз», «Абай тілі сөздігі», «Хикмет кітабы», «Адам деген даңқым бар», «Я человек загадка», «Абай туралы естеліктер», «Абай тағылымы», «Абай елі» , «Ата-анаға көз қуаныш» атты кітаптары.
Әдебиетшінің шығармашылық мұрасы ұлттың рухани игілігіне айналды және қазақ халқының мәдениетін байытты.
Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп, өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасында орын алады. Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
З.Үмбетбаева,
Тегістік ауылдық кітапханасының
меңгерушісі.
0 Пікір