ҰЛЫ АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ

     Ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлының туған күні — 10 тамыз екені белгілі. Үкімет қаулысымен осы күн «Абай күні» болып бекітілді. Сөйтіп, бұл күн мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді.

   Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген. Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алды.

       Аталған мереке аудандық Б. Мұқай атындағы мәдениет үйінде аталып өтті. Іс-шараның басы аудандық кітапхананың ұйымдастырған Абай Құнанбайұлының кітаптарынан тұратын кітап көрмесімен басталды. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болды. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан. Мерекеге жиналған халық Абай Құнанбайұлының өмірі және шығармаларымен танысты. Сонымен қатар, Аудандық «Хантәңірі» халық театры ұсынған «Телғара» фильм спектакльін тамашалады. Көрермендер мереке соңында Серік Абдрайымов, Мақсат Орынбасар, Жәнібек Аят, Әділғазы Армандардың орындауындағы Абайдың жүректің қылын тербейтін, құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндерін тыңдады.

       Абай ең алдымен қазақтың телегей-теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтар жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында. Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті.

       Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге — сазгерде. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т.б. әндері халық жүрегінен берік орын алған.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password