ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ — КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН мәселе

       Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты қалыптасқан спорт түрлері болып табылады. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған байланысты болған. Мысалы -көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ,қазақша күрес, бәйге, жамбы ату, тағы басқа асық ойындарын айтуға болады.Солардың арасында тоғызқұмалақ шоқтығы биік әрі қалыптасып орныққан спорт түрі. Тоғызқұмалақтың шығу тарихы археолог ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда ертеде шыққан. Осыған ұқсас ойынның тақтасы бұдан шамамен, 3-4 мың жылдық кезеңді қамтиды.Оған калах, манкала аталатын есеп ойындарының тақтасы дәлел бола алады. Кейбір тау бөктерлерінде тастан ойып жасалған тоғызқұмалақ тақтасы да кездеседі.Бұрын жерді қазып, тасты қашап немесе ағашты домалақ етіп ойып жерде жасаған кішкетай шұңқырларда ойнаған.Кейін келе дами бастаған. Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнері.Қазір барлық қазақтар тұратын ауылдарда, облыстарда тоғызқұмалақ үйірмелері бар. Республикада тоғызқұмалақ қауымдастығы жұмыс істейді. Қазақстан тәуелсіздігін қайта алған жылдан бері тоғызқұмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Елімізде алғаш рет «Тоғызқұмалақ әліппесін» Серікбай Тілеубаевпен жерлесіміз профессор Сейдін Бизақов жызып шыққан. Қазіргі тоғызқұмалақ ойыны мен барлық жарыстар осы әліппе ережесі бойынша өткізіледі. Бизақов Сейдін 1936 жылы 10 қаңтарда Қызылшекара ауылында дүниеге келген. 1955 жылы орта мектепті бітіріген. Абай атындағы мемлекеттік педогогикалық иниститутты аяқтап, 1960-1968 жылы Сүмбе ауылында ұстаз болып істеген. 2000 жылы филология ғылымдарының докторы,2001 жылы профессор атағын алған. «Элементарный курс казахского языка», «Түбі бір түркілер», «Көңіл-күй лебіздерін білдіретін сөз оралымдары», «Синонимдер сөздігі» «Қазақ тілін көркейтудің тиімді тәсілдері» және «Мир тюркских народов» тағы басқа көптеген ғылыми еңбектері жарық көрген. «Тіл жанашыры» атты медалімен тағы басқа көптеген Мақтау қағаздарымен марапатталған. Сонымен қатар, Тоғызқұмалақ ойынын жақсы меңгеріп, қалалық және облыстық ойындарда жүлдегер болған. Кейін 2008 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серікбай Тілеубаевпен бірлесіп тоғызқұмалақ ойынының әліппесі мен ережесін жазып шыққан. Қазақ спортының тағы бір түрі қазақ күресі. Қазақ күресі-қазақтардың ең көне түрлерінің бірі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына сондай-ақ, 2016 жылы ЮНЕСКО ның және ынтымақтастық принциптеріне негізделген мәдени мұрасының тізіміне енгізілген.Күрестің осы түріне ұқсас жарыстың ең үлкені 1913 жылы Қарқара жайлауында «Романовтардың патшалық құрғанына 300 жыл толу» құрметіне өткен тойда болған. Осы тойда қақпақтық Қожеке палуан қалмақтың атақты шынжырлы палуанын жығып, жамбасын сындарған. Бұл сол заманның ең үлкен жеңісі болған. Сонымен бірге, сүмбелік Жұман палуанның атын атауға болады. 1903 жылы Сүмбеде туып, ашаршылық жылдары үлкендермен бірге Қытайға өтіп кеткен. Қытайда талай жарыстарға қатысып жауырыны жерге тимеген. Жұман палуан елге келгкен соң да күресін жалғастырған. Жасы 60 тан асқан кезінде Қарқара жайлауында өткен үш ауданның тойында жеңімпаз болған. Алматы қаласынаң күрестен бас жаттықтырушысы Жұман палуанды Алматыға шақырып, шәкірттеріне қазақша күрес әдісін үйреткен. Қожеке мен Жұман палуанның жолын қуған шәкірттері қазір де республика мен әлемде өнерлерін көрсетуде. Олардың қатарына Жантелі Мұхи, Телақынов Еркін, Сайдақов Еркін, Жұмабеков Руслан, Мәулен Мамыров және Керімбаев Жанатты айтуға болады. Осы жағдайды айта келіп өз ауданымызда қазақша күрестен Қожеке мен Жұман палуан атындағы жарыстар өткізіп тұрса демекпін. Сонымен қатар аудандық спорт мектебінен Сейдін Бизақов атындағы тоғызқұмалақ үйірмесін ашып, оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын кеңінен үйретсе және «Тоғызқұмалақшы және профессор Сейдін Бизақов» атындағы жарыстар өтікізіп тұрса, қазіргі «Рухани жаңғыру»бағдарламасын жалғастару болып табылар еді.Сонда кейінгі жастарымыз өздерінің атақты спортшыларын біліп жүретін болады. Осындай игі істерді өткізу арқылы өзімізден шыққан спортшыларды халыққа кеңінен таныстырып және ауыл жастарының спортқа деген қызығушылықтарын арттыратын боламыз. Қазақтың ұлттық спорты ең алдымен қазаққа керек екенін ұмытпайық. Жергілікті спортқа қатысы бар адамдар мен әкімшілік қызметкерлері осы жұмыстарды іске асырар деп ойлаймын. Біздің таулы аудан жастарын спорттан және басқа саладан Райымбек батыр бабаларының рухы қолдай берсін демекпін.

Беркін ӘКЕБАЕВ,

 Алматы қаласы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password