ҰЛТТЫ СҮЮ – ҰЛЫЛЫҚ

        Әрбір ел, әрбір ұлт ел болып, ұлт болып қалыптасуда сан қилы қиын жолдардан жүріп өткені белгілі. Осы жолда әрбір жан өзіндік үлесін жігер-күшімен, ерен ісімен, білімімен еліне деген махаббатымен жеріне деген шапағатымен қосқаны да белгілі. Елін, ұлтын шексіз сүю арқылы көрінетін ұлы туындылар мен қарапайым жасалған жұмыстар — әрбір жанның ұлты үшін қосқан зор үлесі. Елі үшін Еділ болған, жұрты үшін Жайық болған Асанқайғы елдің қалай күн көруіне қайғырса, Абай жүрегінің түбіне терең бойлап, адамгершілік тұлғасын «қалың елі, қайран жұртымен» таныта отырып, ұлтқа деген сүйіспеншілігін өз мұраларында анық көрсетті. Мағжанның ұлт жастарына сенім артуы, Мұқағалидың өз халқын бақыт санауы-ұлылықтың айқын көрінісі. Бүгінгі таңда қай сала болмасын жасалып жатқан игі істер жетерлік. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған еселі еңбек баршылық. Бұл бағытта ел мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген халық пен билік арасына алтын көпір боп, еңбек етіп келе жатқан журналистер мен БАҚ қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Баспасөз беттеріндегі маңызды мақалалар мен ойлы очерктер, теледидар эфиріндегі салихалы сұхбаттар мен байыпты басқосулар ел мүддесіне, халық игілігіне жұмыс жасап жатыр. Бұлардың барлығын ұйымдастырып, қаншама ұйқысыз түндер мен күлкісіз күндерді өткізіп, ізденіске толы шығармашылық жолдың сүрлеуіне түскен, қара халықтың қамын жеп, тірлігін күйттеген көптеген ерен еңбектің иелері-журналистер бар. Кейінгі кезде осы салаға өзіндік қолтаңбасын қалдырған, ел көңілінен шығып, жүрегінен орын алған, жанашыр боп, сан талай адамға үміт пен қуаныш сыйлаған бірегей тұлға Бейсен Құранбек еді. Еңбегін ел білді, көз көрді, жан сезді, құлақ естіді, жүрек қалады. Ендігі шақта асыл ерді жоқтамай, ол қалдырған өнегелі істерді, қазына мұраларды, биік парасатты тұлғасын дәріптеу керек. Дәріптеу ісі бүгінге міндет, ертеңге құрмет жүктейді. Есіл ерден қалған есті естеліктерді сақтау, оларды жарату, жалпыға тарату — басты борышымыз. Ол ұл болып ұлтын сүйді, ұлты ұлын ұмыт- пайды.

Кемелбай САҒЫМБЕКОВ,

М.Мақатаев атындағы орта мектептің директоры,

Тегістік ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password