ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ  ШАРЫН

     Әлемге әйгілі жер туралы ойлағанымда есіме бірден өзім туған өлкедегі табиғатымен талайды тамсандырған жер Жәннәті Жетісудағы ең әсем әрі талай тарихты басынан өткерген, ашылмаған сырларымен, қойнауы әлі де талай құпияға толы, біршама ғасырға дейін тарихтың қайнар көзі болатын Шарын шатқалы түсе кетті.

Шарын шатқалы-Алматы облысында орналасқан. Өзінің тылсым жаратылысымен тек Қазақстанды ғана емес барша әлемді ойландырып, зерттеу нысанына, ірі туристік ортаға айналған. Жыл сайын жылдың қай мезгілі болмасын еліміздің түкпір-түкпірінен, әлемнің сан-алуан аймағынан сан мыңдаған адамдар келіп шатқалды тамашалап, естелікке суретке түсіп кетеді. Тіпті жыл сайын шатқалға келуді әдетке айналдырған адамдар да бар десек болады. Шатқалда биіктігі 150-300 метрге, ұзындығы 2 шақырымға  дейін жететін қамалдар аңғары бар, сол себептен де Шарынды Қамалдар аңғары деп те атайды. Шатқалда ежелгі суреттер бейнеленген, және бұл суреттер ерте тас дәуіріне тиесілі суреттер. Міне, осыдан-ақ Шарын тарихтың тұнып тұрған мекені екені анық емеспе. Бұл жер көптеген оқиғаны, түрлі қанды соғыстарды басынан өткеріп, талай қасіретті ішіне сақтап жатыр. Шарын шатқалы жайында түрлі аңыздар мен әңгімелер өте көп. Осы аңыздардың бірінде шатқал маңында саяхатшылардың жоғалып кетуіне себеп болатын Шарындағы параллель өлшемдерге арналған порталдар бар екені жайында да айтылып, оны шатқал лабиринттерінде өмір сүретін мыстандармен байланыстырған, тіпті шатқалы бұрын «шайтандар қаласы» деп аталған. Шарынның қызғылт топырағы, өзгеше ойылымдық өрнектері, табиғи жақпар құздары мен өзені бөлек бір әңгіме. Шарын өзені Теріскей Алатауы мен Күнгей Алатауындағы мұздықтардан басталып, Шарын ауылынан 20 шақырымдай төмен тұста Ілеге құяды. Өзен үлкен шатқал арқылы Жалаңаш ойпатының шығыс бөліктері мен Торайғыр тауларынан өтеді. Өзен Қазақстандағы 85 мың өзеннің бірі.

Шарын шатқалы  – қазақ елінің кеудесін керіп тұрып мақтана алатынын, төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіретін, құдды бір қас шебердің қолынан шыққан ғимараттарға  ұқсайтын өте тылсым мекен. Әлемнің екінші жартысындағы жалпақ жұртқа кеңінен танымал Колорадо каньоны Шарынның домалақ жердің арғы бетіндегі екінші нұсқасы десекте болады. Колорадоны ауқымды демесеңіз Колораданың сұлулығы Шарынның  қасында дым да емес!

Аружан ОРМАНХАН,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,

Журналистика факультетінің 1-курс студенті.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password