Әкімдер есебі онлайн және офлайн режимдерде өткізіледі

           Алматы облысында қаңтардың 18-інен ауылдық, кенттік округтер мен аудан, қала әкімдерінің есеп беруі басталды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 1ф00 нақты қадам» бағдарламасындағы есеп беретін мемлекетті қалыптастыру міндетіне, сол сияқты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына сәйкес әр деңгейдегі әкімдер жыл сайын тұрғындар алдында есеп береді. Осыған орай облысқа қарасты 17 аудан мен 3 қалада 18 қаңтар мен 5 ақпан аралығында 800-ден астам есепті жиындар өткізу көзделген. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты аталған жиындардың 300-дейі онлайн режимде ұйымдастырылады, қалғаны барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн форматта өткізіледі деп жоспарланған. Есепті кездесулер облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиынымен қорытындыланады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password