Канабистің көзі жойылды

      Нашақорлық адамның ішкі құрылысына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан мен ішек жолдарына және тағы басқа ағзаларына өте үлкен көлемде залал әкеледі. Оның соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Нашақорлық әлемдегі проблемалардың ең ауыры болып отыр. Ол сондай-ақ, мемлекет қауіпсіздігіне де біршама зиянын тигізуге қауқарлы.
Қоғам өміріне зиянын тигізіп отырған осы мәселе бойынша өзіміздің өңірімізден есірткіге ұқсас «канабис» тәріздес наркотикалық өсімдік шөбі Райымбек ауданы, Сүмбе ауылдық округіне қарасты Қызылшекара ауылының төңірегінде 4 га жерді алып, 50-110 см болып өсетіндігі анықталды. Жедел түрде көзін жою жұмыстары бірден жүзеге асырылды.
Комиссия мүшелері: Райымбек ауданының прокуроры кіші әділет кеңесшісі Мырзабеков Әлібек Хажымұханұлы, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы, Райымбек ауданының прокуратурасының прокуроры Рыскелдиев Мади Талғатұлы, Райымбек ауданының Ішкі Істер бөлімінің бастығының орынбасары полиция подполковнигі Марат Мырзабекұлы, Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының офицері майор Ернұр Келгенбаев және Сүмбе ауылдық округының әкімі Елжан Бестибаев. Комиссия мүшелерінің қатысуымен арнайы техника (Белорусь 1222) қолдану арқылы орылып, жыртылып, алдағы уақытта қайта таралуын болырмаудың алдын алу шаралары жасалынды.
Аталған аймақта наркотикалық өсімдік шөбінің екінші мәрте бой көтермейтіндігіне көз жеткізіліп, комиссия мүшелері жұмыстың толық және жақсы атқарылуына толық атсалысты.
Ұлттың тек қауіпсіздігін ғана емес, жастардың жаман әдеттерге де үйір болмаудың алдын алып, өз жұмыстарын жоғарғы деңгейде атқарып жүрген азаматтарымызға алғыс айтамыз.
Аяла ҰЛАНҚЫЗЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password