Күз береке

     Жылдың төрт бірдей мезгілі адам үшін өзіндік ерекшеліктер мен оқиғаларына толы. Жыл мезгілдерінің өзіндік сипаты мен кескін келбеті айрықша суреттеліп тұратындығы жасырын емес. Жайма-шуақ көктем мен жайдарлы жаз, қоңыр салқын алтын күз бен үскірік аяз аппақ қыс адам жанын тебірентіп, тылсым құпияларға толы табиғаттың қайталанбас сиқырын ашады. Күз – молшылықтың белгісі. Аудан орталығы Нарынқол ауылындағы «Қарлығаш» бөбекжай балалар бақшасында «Күз – береке» атты ертеңгілік өткізілдіӨткізілген ертеңгілік барысында бүлдіршіндер сары түсті киімдер киіп  күз келбетін кіргізді. Тәтті қылықтарымен тамсандырып би билеп, ән салды. Әрбір үйдің бір-бір патшасы болып жүрген, күз деген сөздің өзіне тілдері әрең келетін балаларға осынша өнерді үйретудің өзі қаншама еңбекті қажет ететінін білесіздер. Осы тұрғыда балдай тәтті бөбектерден құралған «Балапан» тобын алға бастаудан жалықпай, жетекшілік жасап жүрген өз істерінің кәсіби мамандары Жангүл Кенжеева, Оразай Динара мен Сман Ақеркелердің еңбектерін бағалаған абзал. Аталған балабақша қызметкерлері әр балаға мектепке дейінгі білімді тереңірек ұғындырып, қанатының ерте қатаюы мен буындарының беки түсуіне себепші болуда. Сол себепті осы сынды ертеңгіліктерді жиі өткізіп тұру тәрбиешілердің басты жоспарына айналған. Алдағы уақытта да ертеңгіліктер мен шаралар тұрақты түрде өткізілетіндігі қуантады.

Елдос АХМЕТЖАН,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password