ҰҚК ТӨРАҒАСЫ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
2021 жылғы 17 тамызда Шекарашылар күні қарсаңында ҰҚК Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты К.Мәсімов Алматы облысының «Баянкөл» Шекара бөлімше- сінде болып, ведомствоның жеке құрамы мен ардагерлерін құттықтап, Отанның қасиетті шептерін күзету жөніндегі жауапты қызметте табыс тіледі.
Мемлекеттік шекараны сенімді қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету Комитеттің маңызды міндеті болып табыла- ды және ел басшылығының жіті назарында.
Жаңа қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді ескере оты- рып, Шекара қызметін реформалау және Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіне интеграциялау жүргізілді.
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның шекара қызметін құру туралы Жарлыққа қол қою қарсаңында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысын- дағы «Баянкөл» заставасында болды.
Нұрғали НҰРМАНОВ,
бөлім бастығы, полковник.
0 Пікір