КӘСІПТІК БІЛІМ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Кәсіптік білім берудегі жетістік ең алдымен, білімнің сапасымен анықталатыны ақиқат. Сондықтан білім беруді инновациялау мен модернизациялау экономикалық дамудың басты бағытына айналуда. Бұл – халықты еңбекпен қамту мәселесін шешуге жол ашады. Осыған орай елімізде кәсіптік – техникалық білім беру саласына жаңа жүйе – дуальды оқыту әдісі , модульдік оқыту құзіреттіліктері енгізіліп, қоғамға қажетті ақпараттық – коммуникациялық технологияларды, оның ішінде, дуальды оқыту жүйесінде біліктілігі жоғары маман – кадрларға деген сұраныс анағұрлым арта түсті. Осы бағытта әлемдік озық технологиялар енгізіліп, ауқымды жұмыстар жасалуда. Қазіргі кезеңде білікті маманның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналуда. Заманауи техниканы жан – жақты меңгерген кәсіби һәм білікті мамандарға сұраныс та арта түсуде.
62 жылдық тарихы бар қасиетті қара шаңыраққа айналған Сарыжаз кәсіптік — техникалық колледжі 1959 жылы 10 қазанда Ақбейіт (машина трактор станциясы) — МТС базасында құрылып, Нарынқол, Кеген ауданының 8 – ші сыныбын бітірген түлектеріне колхоз — совхоздардың жолдамасымен тракторист-машинист, автомобиль жүргізушісі мамандықтары бойынша білім берді. Көптеген кәсіби мамандарды тәрбиелеген оқу орны аудан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда, кәсіби — техникалық білім өрісінің кеңеюіне қосқан үлесі ерекше және орны бөлек. 1985 жылдан бастап мекеме Сарыжаз ауылдық техникалық мектебі деп аталды. 2008 жылы сәуірден бері №8 кәсіптік лицейі болып өзгерді. 2013 жылдың сәуір айынан Ақбейіт ауылындағы Сарыжаз кәсіптік- техникалық колледжі болып қайта құрылды.
Қазіргі таңдағы кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.Бұл мақсатты жүзеге асыруда еліміздегі білім беру саласының сапасын, білім деңгейін арттыруға бағытталған бағдарламалар енгізіліп жатыр. Біздің Сарыжаз кәсіптік – техникалық колледжі осы бағытта дуальді оқыту жүйесі мен модульдік құзіреттілік білім беру технологиясын негізге ала отырып, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра кәсіби маман даярлайды.
Кәсіп — адамның қабілеттілігі мен бейімділігіне қарай бір іспен айналысуы.
Бүгінгі таңда қоғамның басты талаптарының бірі әр азаматтың өмірде өз орнын тауып, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады. Еңбек тәрбиесінің басты мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлік дағдымен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, кәсіби маман болуға көмек беру болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басты талаптарының бірі – жастарға кәсіптік бағдар берудің мүмкіндігін барынша кеңейту, кадрларды елдің дағдарыс кезеңіндегі экономикасына бейімдей отырып, қайта әзірлеу болып табылады. Президент алға қойып отырған инновациялық өндірісті алға ілгері дамытуға қажетті кадрларды дайындауға әзірге бірден – бір білім беретін оқу орны – ауданымыздағы Қазақстан Республикасының білім беру стандарттарына сай, Сарыжаз кәсіптік – техникалық колледжі болып табылады. Үздіксіз атқарылып жатқан жұмыстар білім алушылардың өмірлік бағытын айқындап, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық, отаншылдық сезімдерінің дамуын қалыптастыруда. Оқу орны ауылшаруашылығы саласына қажетті төмендегідей мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:
— 1504000 «Фермер шаруашылығы» мамандығы
— Біліктілігі: 1504092 «Электр жабдықтарына қызмет көрсету электр монтері»
— 1504062 «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист»
— 1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану» мамандығы
— Біліктілігі:1201072 «Автокөлікті жөндеу слесарі»
— 1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
— Біліктілігі: 1114042 «Электр газымен дәнекерлеуші»
— 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
— Біліктілігі: 1304012 «Электрондық есептеу машиналарының операторы»
Колледж білім алушыларына оқытушылар көп жылдық тәжірибесі мен кәсіптік білім саласындағы жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, техникалық білім мен кәсіби іскерліктің машығын береді. Құрылған жылдан бастап, аталған оқу мекемесі аудан, облыс, республика көлемінде ауыл шаруашылығына қажетті бірнеше мыңдаған мамандарды даярлап шығарды.
Кәсіби маман даярлау, сапалы білім беру – ізденісі мен шығармашыл ұстаздың қолында. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығын жетік білетін, білім алушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамын. Біздің колледжімізде мұндай кәсіби шеберлігі мол оқытушылар жетерлік. Атап айтар болсақ, Әліпбаев Нұрбосын Стамжанұлы – Республикалық «Ы.Алтынсарин», «Білім беру саласының көшбасшысы» төсбелгілерінің иегері, Азанбеков Жасұлан Әбділдаұлы мен Қасабеков Даурен Айболатұлы – «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісін, Дауқабақ Ұлан–«Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін», Сартбаева Айнұр Нүрәділқызы – «Үздік ұстаз» төсбелгілерін иеленген оқытушылар сабақ береді. Сонымен қатар Даниярұлы Ерсанат — облыстық өндірістік шеберлері арасында ұйымдастырылған «World Skills Taldykorgan 2020» байқауының жүлдегері, Валиева Алмагүл Азатқызы – бірнеше ғылыми жобалар мен авторлық бағдарламалар авторы, Абдрахова Айгүл Құтпанқызы сынды оқытушылар Республика, облыс көлемінде колледжімізді танытып, еңбегінің жемісін көріп жатқан әріптестеріме алғысым шексіз.
Шәкірт биікке шықса, ұстаздың еңбегінің жемісі. Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмау үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Ұстаз тәлімінен нәр алып сусындаған шәкірттің жетістікке қол жеткізуі – біздің қоғам үшін ең басты рухани құндылыққа апарары сөзсіз. Біліммен қаруланған тұлға қоғамды дамытуға өз үлесін қосатыны белгілі. Қазіргі заман талабына сай, әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Біздің колледж білім алушылары да білімге деген еңбегі мен ізденісі нәтижесінде биіктерден көрініп жүр. Ол білім алушылардың мақтанып есімдерін атауға да болады: Әділханұлы Бағызор, Манап Әділет — «Алаш Ардақтылары» Республикалық қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегі» мен «Бес арысы» шығармашылығына арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауына қатысып «Шығарма» жанры бойынша I орын Диплом және медаль, «Менің болашақ мамандығым» атты аймақтық эссе байқауына қатысып ІІІ орын, Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына арналған «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» атты колледжішілік байқауында II орын,Туринбек Арсұлан — «Табиғаты аса көркем, Сарыжаз менің туған-өлкем» атты ғылыми жоба, №32 топ білім алушылары өндіріс саласына пайдалануға қажетті картоп сұрыптағыш әзірлеп шығарды.Шығармашыл білім алушы сапалы білім алары сөзсіз. Сол қабілеттерін көре біліп, жетілдіре түсіп, кәсіби тұрғыда дамыту — біздің міндетіміз.
Сарыжаз кәсіптік – техникалық колледжінде 2021 — 2022 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс негізінде төмендегі мамандықтар бойынша оқушылар қабылданады.
06120100- «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша: 3W06120101- «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» біліктілігіне; 07130100 — «Электр жабдықтары» (түрлері және салалары бойынша) мамандығы бойынша: 3W07130101- «- Электромонтер» (түрлері және салалары бойынша). біліктілігіне; 07150500 — «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша: 3W07150501- «Электргазымен дәнекерлеуші» біліктілігіне;. 07161600-«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша: 3W07161603-«Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі»; 08410100-Ветеринария мамандығы бойынша: 3W08410103-«Ветеринарный санитар» біліктілігіне оқу мерзімі 2 жыл 10 ай және 10 айлық курстарға оқушылар қабылданады.
Оқу, жатақхана тегін, 4 мезгіл тамақ тегін беріледі, шәкіртақы тағайындалады.
Жоғарғы шәкіртақы — 25055 тг
Жалпы шәкіртақы – 21787 тг
Жол ақы 1 жылда 2 рет төленеді – 5302 тг
Жетім балаларға шәкіртақы – 28323 тг+киіміне-94000 тг бөлінеді.
Қажетті құжаттар
- Жеке куәлік (көшірмесі)
- 3Х4 фото 4 дана
- Форма 086
- Аттестат (орта білімі жөніндегі)
Мекен жайымыз:
Сарыжаз ауылдық округі, Ақбейіт ауылы, телефон:
8 (72779) 2-63-58, 2-61-01, 2-61-02
Тел:87052997232 Әсел
Facebook.https://www.facebook.
com/profile.php?id=100036156361996 Instagram.https://www.instagram.com/invites/contact/?i=1bcsix4k3t09s&utm conrent=32z3pik
Сайт:http://saryzhazktk.rka.kz/
Самат Мүсірбаев,
Райымбек аудандық мәслихатының депутаты,
Сарыжаз кәсіптік – техникалық колледжінің директоры.
0 Пікір