Көріпкел ақын

 20 жасымда Отанды қорғауға соғысқа кеттім. Сол кезде Мұқағали өрімдей жеткіншек еді. Бірақ, соғыс жылдарының қиыншылығын, ащы дәмін сол өрімдей балалар үлкендермен бірге татты. Ал енді, сол Қарасаздың киелі топырағында туған перзент, Мұқағали ақиық ақын болды. Ол сол кезде: « Мен өлеңіме сенемін, ол мені көкке көтереді, ал Қарасаз менің атыммен аталады» — деп еді. Артынан өлмес мұра қалдырған ақын, ұлы тұлға, әдебиет өмірінің айнасы. Жас ұрпақ оның өлеңдерімен сусындап өсіп жатыр. Соның бірі- менің немерем де оның « Тау баласы — тауға қарап өседі», — деп жаттап жүрді.

Шоғанбай МҰСАЕВ,

соғыс және еңбек ардагері.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password