Көп балалы аналар ардақталды

  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 24 шілдедегі №375 Жарлығына сәйкес алтын алқа, күміс алқа иегерлерін марапаттау өз жалғасын таба береді. Бұл еліміздің демографиясына үлес қосып жүрген аналарды құрметтеудің бір белгісі деп білеміз.

        Осыған орай, таяуда аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауылдық округтерден келген көп балалы аналарды қабылдады. Кездесуде аудан басшысы нәзік жандыларға өзінің ыстық лебізін білдіре отырып, ел демографиясына өзіндік үлес қосып жатқандарына ерекше алғысын білдірді. Атап айтқанда, Нарынқол, Текес, Қайнар ауылдарынан келген құрмет иелеріне алтын жұлдызды орден, орден кітапшасы мен медаль табысталды.

      Қошемет құшағына бөленген көпбалалы аналардың қатарында Ж.Маликова, Н.Молдабаева, Л.Сүйіндікова және Н.Чотбаева сынды жандар алтын алқа тағынса, Н.Абай, Г.Дабатова, А.Керимбаева мен  А.Кужбановалар күміс алқаны иеленді.

        Еліміздің демографиясына өз үлестерін қосып отырған аналарымызға айтар алғыс көп. Мемлекеттің басты байлығы – халық деген, сол себептен үкіметтен көпбалалы аналарға көп көңіл бөлініп, жағдай жасалынып жатыр.

        Алтын құрсақты аналарымызға, әпке-қарындастарымызға ақжарма алғысын білдірген аудан басшысы — дені сау ұрпақ тәрбиелеулеріне тілектестігін білдірді.

Елдос Ахметжанов,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password