Көктем аруы

        Балаларды жастайынан мейірімділікке үйрету, аналарының берген тәрбиесі мен ақылын, сондай-ақ, өлшеусіз еңбегін бағалай білуге ерте кезден баулу, ізгілік пен инабаттылық, биязылық сынды қазақ қыздарына тән жақсы қасиеттерді бойына сіңіру мінсіз міндет екені айқын. Осы тұрғыда қыз сыны байқауы жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Армысыз, апайларым, құрбыларым,

Мейірбан аппақ көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың, — деген жыр жолдарын тыңдағанда анаға деген асқақ көңілді білдіргендей әсерде қалдық. «КөкМаман кеңесі тем аруы» атты қыз сыны сайысы кішкентай бүлдіршіндеріміздің жанарына жалын ұялатты. Талапты тәрбиеленушілер аталған сайыста өздерін жан-жақты көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.

        4 бөлімнен құралған сайыс таныстырудан басталды. Ал келесі кезекте қылықты қыздарымыз өздерінің тапқырлығы мен талабын танытты. Сайысқа қатысқан көрермендер сұрақтар қойып, қатысушылардың ойы жүйріктігін байқап бақты. Үшінші бөлімде бүлдіршіндер білім бәйгесінде жарыс жасады. Оның ішінде көркем сөз, ақиық ақынның жырларынан үзінді оқудан, би билеуден жарыс болды. Сонымен қатар, бүлдіршіндер бейнелеу өнері мен сән үлгілерінен де өнер көрсетті.

       Өнер, өре бәйгесінде жеңімпаз болып танылған Дария Арғұланқызы, Айаруна Еркінбек, Медина Ерланқызы, Кәусар Қалдыбек, Айзере Бақгелдіқызы, Айзере Сайлаубай, Ұлту Нұргелді, Айша Ержанқызы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Майра Есенова,

«Қарлығаш» бөбекжай

балабақшасының «Шұғыла»

тобының тәрбиешісі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password