ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

     Былтырғы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттерді орындау, еліміз бойынша интернет жүйесінің жұмысын жақсарту, ауқымын кеңіту мақсатында былтырғы жылы Райымбек ауданының аумағында да СНП кабель желісі тартылды. Қазір әр ауылда, әр үйде интернет бар. Бұл қуантарлық, қолдарлық дүние. Ауыл тұрғындарының осынау игілікті іске қуанып қана қоймай жұмысымызға көмегін тигізулері қажет. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ-ның Алыспен Байланыс бірлестігі атап айтқанда 1-МЖТТ, ЖККЦ – 16 КБ мекемесі сіздерге алдын ала ескерту жасайды. Интернет желісі тартылған жерде, аймақта рұқсатсыз жұмыс істеуге болмайды. Оған тыйым салынады. Егер кабель аймағында рұқсатсыз жұмыс істеп, үзілген жағдайда (т,2 398 б, ҚР Қылмыстық кодексі) бойынша қылмыстық іс қозғалады және 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Сондықтан аудан тұрғындарына ескерту жариялаймыз. Егер, желі үзіліп қалған жағдайда бүкіл ауыл, аудан байланыссыз қалатынын ескертіп айтамыз. Сол үшін өзімізге өзіміз қиянат жасамайық! Егер интернет желісі жүргізілген аймақта жұмыс жасайтын болсаңыздар мына мекенжайға хабарласыңыздар.

       Кеген ауылы, Қонаев көшесі, №104 үй. Байланыс телефондары: 8-7277721221, 8-7084431080, 8-7786802216, 8-7006504119, 8-7475301123, 8-7477537829, 8-7073817085.

Рауан Жанұзақов,

Алыспен Байланыс бірлестігі,

1-МЖТТ, ЖККЦ-16

КБ бірлестігінің басшысы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password