І.Жансүгіров ауылында тал көшеттері отырғызылды

        І.Жансүгіров ауылында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлауға байланысты тұжырымдамасы бойынша бекітілген іс-шараларға сәйкес тал көшеттері отырғызылды.
Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалған мәуелі ағашқа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Жыл сайын аудан бойынша көшеттер егіп, тал отырғызу игі дәстүрге айналған. Биыл да сол дәстүр бойынша алғашқы көшеттер отырғызылды. Бүгін Қ.Сатбаев мектеп-гимназиясын бітіргендеріне 40 жыл толған түлектер. Өздері білім алған білім ордасының ауласына шырша ағашының көшеттерін отырғызды.
«Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» демекші, осы егілген ағаштар келешекте қаулай өсіп, ұрпақтар игілігіне жарары сөзсіз. Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін аудан аумағында сенбіліктер өткізіп, ауламыздың, ауылымыздың аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын әрлендіре түсуіміз керек. Әрбір тұрғын өз ауласына тал егіп, көгалдандыруға шақырамын» — деді. Сол жылғы түлек аудан әкімінің орынбасары Амандос Ақышұлы.
Айта кеткен жөн биыл аудан бойынша 12 мыңнан аса ағаш көшеттері отырғызылады деп жоспарланып отыр.
Ендеше көктемнің жайма-шуақ күндерінде тал егіп, сүйікті ауылымызды ажарландыруға өз үлесімізді қосайық.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password