«Хантәңірі» қымызханасына алғыс мол

    Биылғы жарқын жаздың құшағында Нарынқол ауылына келетін күре жолдың, Нарынқол – Жамбыл жолының шетінен әдемі қымызхана бой көтеріп, жұмысын жүргізіп келеді. «Хантәңірі» деп аталатын қымызхана ұлттық жақсылықтарымызға негізделген. Қонақтар отыратын қос қазақ үй ұлттық ою-өрнекпен ажарланған. Ақ дастархандарына ұлтымыздың сүттен жасалған құрт, ірімшік, май, маңыз, одан бөлек жаңадан пісірілген бауырсақ, тәтті нандар көрік беріп тұр. Келушілерге сұраныстарына сай салаттар жасалып беріледі. Ең бастысы, ұлтымыздың тамаша сусыны қымыз бар. Мұнда қазақтың бешбармағы, сірне, қуырдақ әзірленеді. Бір сөзбен айтқанда, мұнда келген жандар ұлттық тағамдарымыздан дәм татып, көңілді отырып, жақсы демалып қайтады. Қымызхананың алдына алтыбақан, балалардың ойын алаңы, адамдар отыратын арнайы орындар жасалып қойылған. Алмас Смағұловтай азамат ашқан қымызханада Фатима Абдуқадыровадай бас аспаз жұмыс істейді. Зәуре Әшім, Әсемай Жұмаділ, Айдын Абылай секілді қымызхана қызметшілері келушілерді жылы қарсы алып, бар пейілдерімен қызметтерін көрсетеді.

Қанат БІРЖАНСАЛ,

Нарынқол ауылы

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password