ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

   ҚазПошта АҚ-ның Сарыбастаудағы бөлімшесі ауылдағы адам аяғы сиремейтін көпшілік орынның бірегейі. Мұнда тұрғындарға өз қажеттеріне қарай лайықты қызмет көрсетіледі. Ауылдағы 300-ден аса зейнеткер тиесілі зейнетақыларын осы бөлімше арқылы алса, жәрдемақы, басқа да қызмет түрлері де осы жерде жүзеге асырылады. Газет-журнал, хат-хабарды халыққа уақытылы жеткізілуі де бөлімшенің айнымас міндеті.

   Қазпошта білімшесінің меңгерушісі Гүлім Әбітқанованың осы салада қызмет атқарып келе жатқанына 5 жылдан аса уақыт болды. Өз ісін жетік меңгерген маман халыққа қызмет көрсетуді абыройлы борыш санайды. Міндетті жұмысының мүлтіксіз орындалуын ұдайы басты назарда ұстайды. Сондықтан Гүлімнің мінсіз қызметіне ауыл тұрғындары әрдайым ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтумен келеді.

    Осы тұста ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет етіп жүрген пошташы Бекова Бану Тұрсынбайқызы жайлы да айта кеткеніміз жөн болар. Бану поштаға келіп түскен газеттерді, хаттарды т.б. ауыл халқына арнайы келген заттарды уақытында таратып береді. Ауылдағы жасы үлкен кісілердің және мүмкіндігі шектеулі ауыл тұрғындарының зейнетақысын ай сайын үйлеріне жеткізіп тұрады. Аптаның жұмыс күндері поштаға келген заттарды реттеп, сенбі жексенбі күндері сол заттарды әрбір үйге таратып береді. Бану Бекованың айтуынша  жұмыс барысында көптеген кедергілер кездеседі екен. Ауылдағы қабаған иттер қауып алатын кездер де болып тұрады. Қыстың аязы, жаздың аптап ыстығы, жіпке тізіп айта берсек өте көп. Еңбегі мен еңбекақысы сәйкес келмейтін, табан ақы, маңдай тері көп ақтала бермейтін осы қызметті шыдамдылықпен атқарып жүрген Бануға ауыл адамдарының алғыстан басқа айтары жоқ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password