Үгіт-насихат жалғасуда
Жуырда Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Алиев Нұрбол кездесу өткізді. Канвассинг-кездесу барысында Райымбек ауданының құрметті азаматтары Ахметов Қанат, Абиров Медетхан, Нурдаулетов Мәдени, Бихан Кенебаевалардың шаңырағында болды.
Кездесуде, «Nur Otan» партиясының бағдарламасымен таныстырып, жіті түсіндіріп берді. Ардагерлеріміз өте салиқалы әңгімесін айтып, партиямызға деген үлкен сенім артатындарын жеткізді. Сонымен бірге, жылы лебізі мен ізгі тілектерін айтты. Айта кету керек, бұл кісілер ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген, әрқашанда белсенді атсалысатын құрметті азаматтар. Осы өлке игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Осы кісілердің жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы еңбегі ерен. Сондықтан, ауданымызда тұратын осындай тұлғаларды дәріптеп, олардың батасын алуға ұмтылуымыз ұлағатты іс саналады.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Алиев Нарынқол ауылы тұрғындарымен шағын кәсіпкерлермен, саудагерлермен экспромт-кездесу өткізді. Онда ол халыққа «Nur Otan» партиясы ұсынып отырған басты басымдылықтар туралы айтып, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сондай-ақ, «Кандидатқа сұрақ қой» акциясы аясында халықпен онлайн түрде кездесу жасады. Аудан тұрғындарын «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен әлеуметтік желіде ел-жұртты таныстырып, өтетін сайлауда еліміздегі беделді «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Аудан тұрғындарынан түскен сұрақтарға жауап беріп, алдағы сайлауға қатысуға шақырды.
Редакциядан.
0 Пікір