ГАЗЕТ, ӘЛДЕ ИНТЕРНЕТ?

       Қазіргі таңда интернет желісін пайдаланатындар саны жағынан, барлық ақпарат көздерінің көшін бастап тұр. Көш бастайтындай-ақ артықшылықтары жетерлік. Алайда интернет дамып, адамзат оған бейімделген заманда біздің рухани байлығымыздың жан азығы болып саналатын газет-журналдар мен кітаптар назардан тыс қалып бара жатқандай. Бүгінгі күні адамдардың көпшілігі қандай да бір мәлімет іздеу барысында бірден интернетке жүгінеді. Интернет желісінен кез-келген мәліметті жылдам тауып алуға болатыны даусыз. Ол сонысымен де қолайлы. Интернетке жүгінген дұрыс-ақ. Алайда, мейлінше, білгіміз келген ақпараттарды түрлі баспасөз беттері мен танымдық газет-журналдардан іздегеніміз пайдалырақ деп ойлаймын.Елімізде соңғы орын алған оқиғалар интернет желісінде де, газет беттерінде де жылдам таралады. Бірақ интернет газет басылымына қарағанда жылдам,әрі ондағы қолданушылар белсенді болғандықтан, көп жағдайда ақпарат интернетке лезде шығып жатады.Адамдар мұндай жағдайда, әрине көз алдында тұрған,қолындағы смартфоннан қарай салуды жөн көреді.Бірақ жаңалықтар мен керекті мәліметтер үшін тек ғаламторды пайдалану біздің рухани дамуымызға тежеу келтірері анық. Нақтырақ көз жеткізу мақсатында 10 шақты адамға әдетте «газетті көп пайдаланасыз ба әлде интернет желісін бе?» деген сұрақты қойдым. Өкініштісі 99%-ы, интернетті пайдаланатындарын айтты. Себебін жылдам болғаны үшін қолайлы деп түсіндірді. Газет-журналдар оқып тұрамыз дегендер де болды.
NOP World жүргізген зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, адамдар 1 аптадағы 8-9 сағатын ғаламторға, 6-7сағатын басылымдарды оқуға жұмсайтын көрінеді.Әлемде көбінесе газет оқырмандары қарт кісілер екендігі анықталған және олар азайып бара жатқанын мәлімдейді.Бұл
жастарды қазіргі таңда газет оқуға көп зейін қоймайтынын білдіреді.Сонда біз руханият жағынан қалай дамымақпыз?
Әрине, интернеттің пайдасы мүлде жоқ деп те айту бекер. Еліміздің әлем елдерімен терезесі тең болуына, өзге елдермен қарым-қатынас жасауға, алыс-шалғайлармен лезде хабар алысуға, танымдық ақпараттарға оңай қол жеткізуге де үлкен септігін тигізіп отыр. Алайда ғаламтордың зардабынан кейбір жастардың көзін шел басып,жіпсіз байланып отырғандығы күйіндіреді. Қай жағынан алып қарасақ та, газет оқудың жөні мүлде бөлек. Газет бетіне жазылған ақпарат ғаламторға қарағанда едәуір салмақты жауапкершілік арқалайды және шынайылығы жағынан арнайы тексерілгендігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, газет бетінде толыққанды әрі түсінікті мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.
«Газет-халықтың көзі,құлағы һәм тілі»-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, газет оқуды әдетке айналдырып, баспасөздің болашағының берік болуына ат салысайық!

Айзада МҰҚАШ,
Көксай орта мектебінің 11-сынып оқушысы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password