ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

       Жуырда «Nur Otan» партиясы Райымбек ауданы мәслихатындағы депутаттық фракция отырыс өтті. Отырысқа депутаттық фракция мүшелері , аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аудандық «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аудандық «Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар» бөлімінің басшысы қатысты.

       Жоспар бойынша күн тәртібінде 2-мәселе қаралды.

      1.«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы» туралы ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Т.Ақыловтың есебін тыңдау.

  1. «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында таулы -43р де атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Д.Төлегеннің есебін тыңдау.

       Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы» туралы Райымбек ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Т.Ақыловтың есебін тыңдау барысында фракция мүшелері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорттық шараларды ұйымдастыруға және бұқаралық спорт түрлерін кеңінен насихатталсын деген ұсыныс білдірді.

       Аудандық «Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар» бөлімінің басшысы М.Нұрмұханбетқызы орындалу мерзімі 29 маусымға дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу, E-gov электронды үкімет порталы бойынша брошюралар таратып түсіндірме, насихаттау жұмыстарын жүргізу туралы ұсыным берді.

       Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша: «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Райымбек ауданында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Д.Төлеген ауданда атқарылып жатқан жұмыс тар бойынша есеп берді. Депуттатық фракция мүшелері ауданда жүріп жатқан құрылыс жұмыстары туралы сын ескертпелерді атап өтіп, аудандық «құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы сын ескертпелерді қатаң бақылауға алуды ұсынды.

       Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралған соң аудандық фракция мүшелері шешім шығарды.

Дидар АЛҒАЗЫ,

«Nur Otan» партиясы Райымбек

аудандық филиалының эксперті.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password