Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран!

Елдігімізді мәңгі жасап, атымызды асқақтатар жалынды ерлерге сансыз алғыс. Елім деп еңіреген , жерім деп жығылмаған батыр ұлдарымыз- қазақтың нағыз жарқыраған жұлдыздары. Қазақ халқының ерлігі мен батырлығы сыналған тағы бір майдан даласы Ауғанстан жеріндегі «Ауған соғысы». Бұл соғыс 1979-1989 жылдар аралығында болды. Майданға әскер қатарынан шақырылған ерлеріміз өз елі болмаса да, азаматтық борышы деп санап. Ауғанстан жерін бар күштерін салып қорғады. Аудан көлемінде бұл майдан даласына мыңдаған адамдар барды. Қарапайым шағын өз ауылымыздан Ауған жерінде болған ерлеріміз жетерлік. Атап айтқанда, Жәнібеков Бақытнұр, Қыдырғожев Досжан, Нүсіпжанов Жанат, Қарасартов Елубай, Сатымбаев Жомарт, Текесбаев Бақберген, Талапов Мақсат.
Аталған соғыстың аяқталғанына биыл 29 жыл толып отыр. Осыған орай Талас ауылындағы орта мектепте «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты «Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Бірнеше ақпараттар алынды, мәліметтер айтылды. Көкейде жүрген сұрақтар қойылды. Үлгілі деңгейде өткен бұл шараға ардагер ағайымыз Текесбаев Бақберген қатысты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, бір жарым жыл майдан ортасында болған аға күш салып өз міндетін жауапкершілікпен атқарған.
— Майдан даласына аттанарда өзіңізге сенімсіздік болды ма? Деген сұраққа күлімдеп тұрып, «Батырдың сыналар жері майдан емес пе?» — деп жауап берді. Батыр ұлдарына мемлекет өз тарапынан көмек көрсетеді екен. «Ұлт болам десең, бесігіңді түзе» дегенді ұстанатын Бақберген ағай жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге ат салысты. Елім деп туған ер азаматтар көбейе берсін. Көк туымыз тәуелсіздікпен бірге көк аспанда мәңгі қалықтасын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!
Құдайберген Жанар
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп КММ-нің
11-сынып оқушысы
0 Пікір