Еріктілермен дөңгелек үстел өткізілді
Райымбек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» бірлесіп «Еріктілер жылы аясында бірлескен жұмыс» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
Дөңгелек үстел барысында еріктілер ұйымымен ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Осы іс – шарада еріктілер тұрғын үй секторындағы профилактикалық жұмыстарға белсенді қатысуға, от жағу маусымы және су тасқыны кезеңінде бірлескен рейдтер, акциялар өткізуге ниет білдірді.
Дөңгелек үстел соңында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, маусымдық ТЖ кезіндегі іс – әрекеттер, сондай – ақ ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша жадынамалар таратылды.
Райымбек ауданы ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау лейтенанты
А.Абдулин
0 Пікір