Еліміздің демографиялық ахуалы қалай?

2017 жылдың 1 тамызындағы мәліметке сүйенсек, елімізде халық саны 18054,0 мың адамға жетті, оның ішінде қалалықтар – 10351,7мың (57,3%), ауылдықтар – 7702,3 мың адам (42,7%). 2016 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда халық саны 235,4 мың адамға немесе 1,32% өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәлімет бойынша, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 222,8 мың адам туған, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 6,5% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 21,27 нәрестені құрады.
2017 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 15,3 мың адамға немесе 9,5% кеміп, 145,5 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,89 адам.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 77,3 мың адам, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,4% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,38 қайтыс болған.
2017 жылғы қаңтар-шілдеде республикада 1 жасқа дейінгі 1876 нәресте шетінеді. 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 15,2% азайды.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі — перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 949 нәресте шетінеп, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,6% құрады. Туа біткен ауытқулардан 435 немесе 23,2%, тыныс органдары ауруларынан – 117 немесе 6,2% , жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 100 немесе 5,3% нәресте қайтыс болды. 2017 жылғы қаңтар-шілдеде нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 адамға шаққанда 8,42 нәрестені құрады.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 39,1% көбейіп, 9 711 адам болды. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 2,3% көбейіп, 19 407 адамды құрады, көші-қонның айырымы — 9 696 адам болды.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.
· ТМД елдерінен келгендердің үлесі 70,8%;
· ТМД елдерге кеткендердің үлесі 89,6% құрады.
Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 34,4% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:
· Астана қаласы – 24 084 адам;
· Алматы қаласы – 14 944 адам;
· Ақмола облысы – 1836 адам;
· Атырау облысы – 151 адам қалыптасты.
2016 жылғы қаңтар-шілде |
2017 жылғы қаңтар-шілде |
|
Көші-қон – барлығы | ||
Келгендер | 265 507 | 585 728 |
Кеткендер | 277 495 | 595 424 |
Көші-қон айырымы | — 11 988 | — 9 696 |
оның ішінде: | ||
Ішкі көші-қон | ||
Келгендер | 258 524 | 576 017 |
Кеткендер | 258 524 | 576 017 |
Көші-қон айырымы | – | – |
Сыртқы көші-қон | ||
Келгендер | 6 983 | 9 711 |
Кеткендер | 18 971 | 19 407 |
Көші-қон айырымы | — 11 988 | — 9 696 |
оның ішінде: | ||
ТМД елдері | ||
Келгендер | 5 283 | 6 876 |
Кеткендер | 16 926 | 17 397 |
Көші-қон айырымы | — 11 643 | — 10 521 |
Басқа елдер | ||
Келгендер | 1 700 | 2 835 |
Кеткендер | 2 010 | |
Көші-қон айырымы | — 345 | 825 Ескерту!Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі. |
0 Пікір