Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуіне қолдау!


Елбасының айтқан сөздері халықтың қауіпсіздігімен ынтымақтастығы аясында өрбіп отыр. Біздің Ата-Заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы–адам және оның өмірі»,-деп айқын жазылған. Сондықтан да әр бір адамды қолдау мен қорғау мемлекеттің басты міндеттеріне жатса, әр өмір ол мемлекеттің баға жетпес байлығы екендігі анық. Сондықтанда осындай мемлекет тарапынан жасалынып жатқан әр қадам Сіз бен біздің жарық өміріміз үшін жасалып жатқан дүние екендігін ұмытпағанымыз дұрыс болар. Қайсы бір жеңісті, қуанышты алып қарасақ, ол біздің мызғымас береке–бірлігіміз бен қайтпас қайсарлығымыздың арқасында келген екендігіне көз жеткіземіз. Халқымыз «Бірлік бар жерде, тірлік бар»- деп текке айтпаса керек. Біз бірлігіміз арқылы ғана барлық қиындықтарды жеңе білеміз. Осындай сын сағаттарда Елбасының жариялаған үндеуі бізге үлкен жігер сыйлады. Иә, қашаннан бірлігі берік, ауызбіршілікті мықты ел озады. Ел бірлігі сынға түскен осынау шақта Қазақстан халқы ежелгі бірлік дәстүрін ту ете отырып, бұл індетті де жеңеді, бұл қиындықтарды да еңсеретіндігіне бек сенемін. Ең бастысы еңсемізді түсірмей, барлық сақтық шараларын сақтасақ бұл күндердің де артта қалары сөзсіз.

 

О.Жылқыбай,
Шалкөде ауылы

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password