Ел тірегі — Елбасы!
Елорда сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңілімізді шарықтатады. Қазақстанның орталығы яғни жүрегінде орналасқан. Тарихи деректерге сүйенсек Нұрсұлтанның орнында 10-13 ғасырларда ұлы Жібек жолындағы сауда орталығы Бозақ қаласы болған. Демек Астананың әкімшілік басқару орталығы болуының стратегиялық маңызы мен қатар тарихи негізде болған. Астана күнін тойлаудың пайдасы бүкіл әлемге жас қаланың әсемде тамаша ғимараттарымен, қайталанбас сәулет өнерінің шеберлігін паш ету. Қазақ елінің астанасыда әлемдегі ең әдемі қаланың бірі, елдің айнасы екендігін көрсету. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Ұлт көшбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 80 жасы және Нұр-Сұлтан қаласының туған күні құтты болсын!
«Ұзақ батыр ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік
мекемесінің жетекші маманы,
қоғамдық пікір көшбасшысы
Мухаметжанова Асия Нурталиповна
0 Пікір