ЕЛ СЕНІМІН АРҚАЛАҒАН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ

      Заманның заңғар тұлғаларының бірі — Міржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын», — деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты тұлғаларымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда, бүгінгі халық таңдаған ел ағалары мен жастарға деген сенім арта бермек. Дүйім жұрттың сенімі мен үміттерін ақтау халық қалауларына артылған жауапкершілік. Жарқын болашағына берік сенімді, халқының мығым қолдауына ие болғанда ғана алдына әрдайым үлкен міндеттер қоя алады. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Халық қалаулылары әрқашан заман талабына сай, идеяларға толы, ерекше көзқарасты тұлға болуы тиіс. Сөзі мен ісі жарасқан жастарға артылған міндет деп білемін. Ел сенімін ақтау-қасиетті парыз.

        2021 жыл бәрімізге белгілі «Жастар жылы» деп жарияланып, орасан зор жұмыстар атқарылды. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлінуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы — оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Халық, ел неге жастарға сенім білдіреді? Неге халық қалаулылары етіп таңдайды? Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңі. Олардың бүгінгі потенциалы ертеңгі елдің даму бағдарынан хабар береді. Себебі, жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантады. Халық қалаулысы еңбегімен, тындырымды ісімен жұрттың назарына ілігуі тиіс. Қарқынды жұмыс, тынымсыз қимыл мен нәтижелі іс-әрекетінің арқасында біз сіздердің сенімдеріңізді ақтауға әрдайым тырысамыз!

       «Ел үмітін — ер ақтар, ер атағын — ел сақтар» демекші, бір-бірімізге әрдайым сенім мен қолдау білдірейік. Егеменді Қазақстанның, ауданымыздың атын шығарып, көркеюіне ат салысып жүрген әрбір халық қалаулыларына ерекше алғыс білдіремін. Халық қалаулысы-халықпен бірге!

Сырымбет АБАЙ,

аудандық мәслихаттың депутаты.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password