Ел іші – өнер кеніші
Сарыжаз ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Алтын алқалы әжелер» ансамбльі мүшелігінде бірнеше жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан Дәнехан Дәркенбаева және Рахила Иманқұлова есімді ауылдың күміс-көмей, жез-таңдай, көмекейіне бұлбұл ұялаған әншілеріміздің атын құрметпен атауға тұрарлық. Аталған ансамбльдің құрамында ұзақ жылдан бері ұлтымыздың ұлттық музыкалық аспабы, яғни қазақы домбырамен өңірдегі түрлі мәдени іс-шараның басы-қасында жүріп, көпшілікті әуезді әндерімен тербеп, көңілдерін көркейтетінін де ауылдың үлкенді-кішілі азаматтары, сонымен қатар данагөй абыз қариялардың да құлақ құрышын қандыратындығын да жоққа шығара алмаймыз. Аталған жезтаңдай әншілеріміз алдағы уақытта өнер айдынында қатайған қанаттары одан әрі самғай бергей деп бізде қоңыр үнді дауыс иелеріне шығармашылық табыстар тілейміз.
0 Пікір