ЕҢБЕГІМЕН  ТАНЫЛҒАН АЗАМАТ ЕДІ

       Еліміздің шекара аймағында орналасқан бұрынғы Нарынқол қазіргі Райымбек ауданы табиғатына қарай мал және егін шаруашылығына қолайлы аудан. 9-бес жылдықта ауданда 473400 бас қой-ешкі болып,5 жылда 262476 бас қозы алып, мемлекетке 405895 центнер ет және 75785 центнер жүн  сондай-ақ,  аудан бойынша 5 жылда 1509557 центнер астық өткізген. (Сведение о выполнение плана в хозяйствах Нарынкольского района за 9-ой пятилетки.) Мемлекетке ет, жүн және астық өткізілгенмен басқа дақылдан картоп өтпеген.  1975 жылы Асанбай Асқаров Нарынқол ауданында  картоп өсіруге болатынын болжап, ауданға 1-ші хатшы болуға бекіген  Шахман Зиятханұлы Есенамановқа осы жұмысқа көңіл бөлу керек екенін ескерткен. Шәкең айтылған ұсыныстан қорытынды шығарып, 1975 жылы ауданнан картоп өсіретін Карл Маркс, Абай және Октябрьдің 40 жылдығы атындағы 3 совхоз , 1978 жылы Коммунизм картоп совхозын құрғызған. Карл Маркс картоп совхозына  тәжірибелі  Кеңесбай Байқановты директорлыққа тағайындаған. Кеңесбай Байқанов 1938 жылы Нарынқол ауданы Қаратоған ауылында туған. Анасынан ерте айырылған Кеңесбай Байқанұлы 1956 жылы орта мектепті бітірген. Екі жыл өз ауылында шопан болып, 1958-61 жылдары совет Армиясы қатарында болған. Армия қатырынан 1961 жылы келіп Алматы қаласындағы  Қазақтың мемлекеттік ауыл шаруашылық иниститутына түсіп, 1966 жылы ғалым-агроном мамандығын алып шыққан. Агрономдық еңбек жолын Шелек ауданындағы  «Қорам» темекі совхозында парник шаруашылығының  агрономы болып бастаған. Ұйымдастыру қабілетін байқаған аудан басшылары 1968 жылы сол шаруашылыққа совхоз директорының орынбасары қызметіне тағайындаған. 1974 жылы облыс басшылығы Байқановты Нарынқол аудандық ауылшаруашылық  басқармасының бірінші орынбасары қызметіне жіберген. Өз жұмысын атқарудағы жауапкершілігі мен іскерлік қабілетін көрсете білген маманды 1979 жылы аудандық ауылшаруашылық өнімдерін дайындау мен сапасын тексеру жөніндегі мемлекеттік иниспекциясының бастығына  бекіткен. 1979 жылы Кеңесбай Байқановты Карл Маркс атындағы картоп совхозының директоры қызметіне тағайындаған. Басқару жұмыстарынан тәжірибесі бар Кеңесбай Байқанұлы шаруашылық жұмыстарын жаңаша бастап, 1 жарым миллион шығынға батып отырған шаруашылықты төрт жылдан соң 1,6 миллион ақшамен  пайдаға аяқтаған. Әр 100 бас аналық малдан  95 тен құлын, 95 тен бұзау және 117 қозыдан төл алған. Бес жыл ішінде әр сиырдан 3300  литрден сүт, астықтың әр гектарынан  28 центнер, картоптан 240 центнерден түсім алынған.Жекелеген озаттар  «Еңбек Қызыл Ту» орденді Тұрғынбаев Жұмақын әр гектар жерден 260 центнер картоп, Оспанбаев Зәкіржан 65 центнер бидай және  Шорманов Бектұрсын 56 центнер арпа алған.  Қырманға сол жылдары 7000 тонна астық,14000 тонна картоп түсетін. Кеңесбай Байқанұлы  совхоз шаруашылық жұмыстарын  жүргізумен бірге ауыл іші мәдениетіне де көп көңіл бөлген. Совхоз жұмысшылары мен отбасы қиындық көрген жанұяларға арнап 180 тұрғын үй салынып, ауылға су құбыры  мен жылу жүйесі тартылды. Ауданда алғаш рет кәріс жүйесі (канализация) тартылып, оған мектеп, мәдениет үйі, аурухана, балабақша  және ауылдағы жүн жуатын мекеме мен тұрғын үйлер қосылған.Ауылдың жанынан 300 гектар жерге жасыл желек өсіріліп демалыс орнын ашып, үлкенді-кішілі 210 көпір, 65 су бөлгіш (гидросооружение) салынды. Жаңа үлгідегі мектеп салынып, оқушылар түстен кейін спорт және басқа да мәдени шаралармен айналысуларына мүмкіндік жасалды. Кеңесбай Байқанұлының еңбектері бағаланып 1984 жылы «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Сондай-ақ, 1988 жылы Алматы облысы, 2009 жылы  Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» атағын алған. Жолдасы Әбілешова Жамбыхан жоғарғы білімді, Халық ағарту  ісінің үздігі болған ұстаз.

 Беркін ӘКЕБАЕВ,

Алматы қаласы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password