ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

         Ағымдағы аптаның сәрсенбісінде Райымбек аудандық мәслихатындағы «NurOtan» партиясы» Фракция жиналысының кезекті отырысы өтті. Жиынға «NurOtan» партиясы аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ғ.Жусанбаев пен бөлім басшылары, «экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің бас маманы мен БАҚ өкілдері қатысты Фракция отырысын ауданық маслихат депутаты Г. Арипова ашып, жүргізіп отырды.

        Күн тәртібіндегі басты мәселе: «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі «Жол картасында» 2021 жылға қарастырылған қаупі бар нысандар бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарын, бөлім басшыларын және «экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшыларының есебін тыңдау болды.

       Райымбек аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі «Жол картасында» 2021 жылға қарастырылған қаупі бар нысандар бойынша жауапты аудан әкімі орынбасары баяндама жасады.

       Баяндама барысында 2021 жылға бекітілген нысандар бойынша атқарылған жұмыстары туралы айтып өтіп, алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар төңірегінде кеңінен тоқталып өтті.

       Отырыс барысында, 2021 жылға бекітілген нысандардың ішінде қаупі бар нысандарға тоқталып, бюджеттің бөлінуі туралы ақпарат берілді.

       Бандама бойынша жиынға қатысушы фракция мүшелері талқылау жүргізіп, Сарыжаз ауылында салынатын «Рауан-Агро» ЖШС (қуаттылығы тәулігіне 27 мың тонна) ет комбинаты құрлысының орнына «Достық-Агро LLP» ЖШС-нің мал соятын қасапхана, ет өңдейтін цех және 400 басқа арналған ірі қара малын бордақылау алаңына ауыстыру бойынша ұсыныс білдірді. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болғаннан кейін фракция мүшелері шешім қабылдады.

        Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Г.Рауанқызы ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңдегі жоспарлы міндеттер төңірегінде өз ойын ортаға салып, бірқатар бөлім басшыларының есептік баяндамаларына құлақ түрді. Кеңейтілген фракция отырсында аудан әкімінің орынбасары Ғ.Жусанбаев көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар берді. Өз кезегіндегі отырыста мекеме мен бөлім басшыларының ағымдағы жылдың атқарылған жұмыстарына аудандық маслихат депутаттары тарапынан депутаттық сауал жолданып, тиісінше тұщымды жауаптар алынды.

Дидар Алғазы,

«Nur Otan» партиясы аудандық

филиалының эксперті.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password