ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Жуырда «аудандық жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжілісі залында жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты семинар өтті. Аталған жиынды аудан әкімінің орынбасары Н.Сағатбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Семинарға аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қыметі бөлімшесінің бастығы С.Төлеубаев, ШЖҚ «аудандық ауруханасы» МКК-ның ана мен баланы қорғау ісі жөніндегі орынбасары Т.Әубәкірова мен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Б.Омарова қатысты. Сонымен қатар, семинарға мекеме басшылары, аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары, дерматовеноролог дәрігерлері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психолгтары, жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылар, «Жас отан» жастар қанатының мүшелері шақыртылды.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Олар: ерте жүктіліктің алдын алу бойынша психологиялық шаралар туралы, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялық аурулар мен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы сөз қозғалды. Осы тақырыпты тереңірек қозғау мақсатымен аудандық жастар ресурстық орталығының психолг маманы Ақнұр Керімжан баяндама жасады. Баяндамада А.Даниярқызы жастар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің өршіп бара жатқандығы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, өз кезегінде баяндамашы осы аталған кем-кетіктер мен олқылықтардың орнын толттыру мақсатымен бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Семинар барысында жастар арасындағы репродуктивті денсаулықты сақтау мен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында аудандық аурухананың дерматовенеролог дәрігері Гүлшат Жамалбекова жастарға бағыт-бағдар көрсетіп өзінің жұмыс процесіндегі тәжиірбесімен бөлісті. Бұл тұрғыда Текес ауылындағы Қ.Шорманов атындағы орта мектептің психологы Г.Мейірманова мектеп әкімшілігі тарапынан тиісінше жоспарлы жұмыстар жасалынып жатқандығын тілге тиек етті. Осы ретте мектеп тарапынан да біраз көмек көрсетіліп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарына аудан әкімінің орынбасары Н.Сағатбекұлы бірқатар тапсырмалар беріп, жұмыс жүйесін қалыптастыруды тапсырды. Семинар барысында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балжан Әбуқызы сөз алып, халқымыздың бала тәрбиесіндегі алар орны жайлы кеңінен тоқталып, жастарды дұрыс жолмен жүруге жол сілтеп, өзінің ақыл-кеңестерін айтты. Аудан әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлы аудандық жастар ресурстық орталығына алдағы уақытта аналар кеңесімен, аудандық ауруханамен, аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, ауылдық округтерде қозғалған тақырып бойынша көптеген жүйелі шаралар ұйымдастыруды тапсырды.
Елдос АХМЕТЖАН,
«Хантәңірі».
0 Пікір