Делдардардың қызметіне жүгінбеулерінізді сұраймыз

    Құрметті аудан, қала тұрғындары! делдардардың қызметіне жүгінбеулерінізді сұраймыз.
ЭЦҚ-ңызды бөтен адамдарға неге беруге болмайтынын түсіндіреміз. Көпшілігіңіз «Делдалдардың» немесе Egov.kz-тен қызметті алу үшін ақысына көмектесуге дайын компанияларды кездестіргеніңіз сөзсіз. Мұндайда алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар. Олар сіздің жеке кабинетіңізге кіру арқылы келесі әрекетке бара алады:
— заңды және қаржылық мәмілелер жасау;
— сіздің көлігіңізді немесе жылжымайтын мүлікті басқа адамға қайта ресімдеу;
— сіздің тұрғын үйіңізге бейтаныс адамды тіркей алады.
Егер өз ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, бірден жаңасын жасатыңыз және «ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының» жеке кабинеті арқылы жоғалған кілттерді қайтарып алыңыз.
Есіңізде болсын! Әр ХҚО-да өзін-өзі қызмет көрсету секторы бар, онда фронт-офис қызметкерлері сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді портал арқылы тегін алуға көмектеседі. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкіметтің» ресми Youtube-арнасында ең танымал мемлекеттік қызметтер бойынша бейне нұсқаулықтар бар.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password