Декларациялау жалпыға міндет

      Қолыңыздағы мүліктің бағасы турасында мемлекет алдында есеп беру азаматтардың заң алдындағы міндеті. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңге бөліп қарастырылған.
1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Мұнда, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар декларациялаудан өтуі тиіс.
2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап
— Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары (зайыптары);
— квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары).
3 кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап
— заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыптары);
— дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары).
4 кезең – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап
— азаматтардың қалған санаты.
Декларациялау жүйесіне енген кезде активтер мен міндеттемелер туралы 250-нысандағы декларацияны тапсыратын болады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қағаз және электронды түрде табыстайды. Қағаз түрінде – 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей; Электрондық түрде – 2021 жылғы 15 қыркүйекке дейін өткізуі қажет.
«Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq аzamat және (egov.kz) мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Ал, Қағаз түрінде – мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі»,-дейді Өндірістік емес төлемдер басқармасының жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы — Асхат Әбілмәжінов.
Айта кетейік, Жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша декларация тапсырады. Дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар болса, декларацияны орналасқан жері бойынша табыс етеді.
2021 жылы Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырылғаннан кейін, 2022 жылдан бастап жыл сайынғы Кірістер мен мүлік туралы декларацияны 270.00-нысаны үлгісінде тапсыру міндетті болады.
Салық кодексінің 356-бабының 1-тармағында төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығын жеке тұлға өзі есептейді және бюджетке төлейді деп көзделінген.
Оларға мүліктік кірістер, яғни тұрғын үйді жалға беруден, мүлікті сату кезінде құн өсім, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті сатудан түскен табысы, Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алынған басқа кірістері жатады.
Жеке табяыс салығы бойынша декларация орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password