ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

        Қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында ағымдағы жылдың 11 қараша күні сағат 09:00-де «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу өткізу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ғ. Жусанбаевтың төрағалығымен аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің құрылымы саптық жиын өткізді. Саптық жиын барысында 12 азаматтық қорғау қызметі 12 бірлік техника және 65 адам жұмылдырылып, аудан әкімінің орынбасары АҚҚ мүшелерінің дайындығын тексерді.

Сондай-ақ, кіріспе бойынша қалпына келтіру инженерлік жұмыстары пысықталды: Аудан аумағында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Абай көшесімен Жағатал өзенінің жағасына жалғанған су құбыры қатып, нәтижесінде Абай көшесіндегі 350 үй сусыз қалды. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында су құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, құрылым мүшелерінің жұмысын пысықтады.

 Б. СӘКЕН,

Райымбек ауданы әкімі аппаратының

жалпы бөлім бас маманы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password