«Даңқ» орденінің иегері
Бейқұтбай Дембаев 1916 жылы, 10 мамырда, Алматы облысының қазiргi Райымбек ауданының Нарынқол ауылында туған. Әке-шешесi қара шаруа. Әскерге алынғанға дейін 5 сыныпты және трактористер курсын бiтiрiп, колхозда механизатор болған.
Әскерге 1939 жылы алынып, соғысқа 1941 жылдың шілде айынан бастап қатысады.
39-гвардия атқыштар дивизиясының (8-гвардия армиясында, 1-Белорус фронты) 43 танкке қарсы дивизияның 76-зеңбірегінің көздеушiсi, Польшаға және Берлинге шабуылда ерекше кезге түскен:
Гвардия сержанты Б.Дембаев 1944 жылы 1- шiлдеде Виела өзенінен өтуге Скурча-Вильчковице ауданында (Польшаның Варка қаласының оңтүстік шығысында 8 шақырым жерде) жаудың миномет батареясының үнiн өшiрген ерлiгi үшiн 1944 жылғы 7 шілде де «Даңқ» орденiнiң 3-дәрежесімен наградталған.
5 шілде 1944 жылы Утники елдi мекенiнiң жанында (Польшаның Фодомское воеводствасы) жаудың қарсы шабуылдауында бір танктi қиратып, көптеген солдаттарын жойғаны үшiн 26 қазан 1944 жылы «Даңқ» орденiнiң 2-дәрежесімен марапатталған.
Берлин қаласының көшелерінде болған ұрыста бiздiң жаяу әскердiң қатарында ерлікпен соғысқан, тура көздеп жаудың 8 пулеметiнiң үнiн өшiрген, көптеген жау солдаттарын жер жастандырған, миномет батареясын жойған, жау бекінісіне айналған үйдің быт-шытын шығарғаны үшін 15 мамыр 1945 жылы «Даңқ» орденінің 1-дәрежесімен наградталган.
1946 жылғы наурызда Бейқұтбай Дембаев әскер қатарынан елге оралып, колхоздағы трактор бригадасының бригадирі, механик болып істеп, 23 желтоқсан 1989 жылы қайтыс болған.
Наградалары: 1-2-3- дәрежелі «Даңқ» ордендері, «Қызыл жұлдыз» ордені, көптеген медальдар.
0 Пікір