ДӘРІГЕРЛІК ШАҢЫРАҚТАР ЖАСАЛУДА

        Мемлекетіміздің басты байлығы — адамдар. Олардың денсаулығын жақсарту – аса маңызды. Райымбек ауданындағы шағын елдімекендерді дәрігерлік ғимараттармен қамтамасыз етуге назар аударылып отыр. Бұл үшін облыс әкімдігіне, облыстық денсаулық сақтау басқармасының атына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

        Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қаратоған ауылында жобалық құны 189 миллион теңгені құрайтын дәрігерлік ғимараттың құрылыс жұмыстары қолға алынды. Жаңа Текес, Қостөбе ауылдарынан медициналық пункттер салу үшін тендер жарияланған. Қыркүйек айында қорытындысы шығарылып, мердігер жұмыстарын бастайтын болады.

       Аудан аумағындағы Сарыжаз ауылдық округіне қарасты Ақбейіт ауылына блокты-модульды медициналық кешен ғимараты орнатылып бітіп қалды. Мұндай игілік Қостөбе ауылы үшін де жасалатын болды. Мұның бәрі жергілікті тұрғындарды қуантып отыр.

Қ. САТЫБАЛДЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password