Дөңгелек үстел өтт

Наурыз айының соңғы аптасында аудандағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның кезекті комиссия отырысы болды. Бұл жиынға комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде пробация тізімінде тұрған адамдармен жұмыс жасау, қоғамдық жұмыстарға араластыру, және қолдау білдіріп, қайта қылмыс жасауға жол бермеу сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Айтулы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Талғат Малтақбаев пен аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты  Құндыз Жарманова баяндама жасады.

Баяндамашылардың жасаған статистикалық мәліметіне сүйенер болсақ, аудандық пробация қызметінің есебінен 2018 жылы бас бостандығынан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған 71 адам өткен болса, оның ішінде жаза түрлері бойынша ҚР ҚК 63-бабына сәйкес шартты түрде сынақ мерзіміне сотталған  5 адам, ҚР ҚК-нің 44- бабына сәйкес бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалған  50  адам, ҚР ҚК-нің 50- бабына сәйкес белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға тиым салынған 9  адам, ҚР ҚК-нің 72 — бабына сәйкес мерзімдеріне шартты түрде босатылған сотталғандар  4 адам, ҚР ҚК-нің 43 бабына сәйкес қоғамдық жұмысқа сотталған  2 адам, ҚР ҚК-нің 74 — бабына сәйкес жазасын өтеуді кейінге қалдырылумен сотталған  1 адам тіркелгені анықталды.

Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінен шығарылып, оның ішінде жаза өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты есептен 9 адам,  мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуына байланысты есептен 3 адам, түзеу мекемесіне ауыстырылуна байланысты есептен 1 адам шығарылып, есеп беру кезеңіне пробация қызметінің есебінде 47 адам тұр.

2018 жылы есепте тұрғандардың аудандық  жұмыспен қамту орталығының көмегімен, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған адамдарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында  28 адам жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, оның ішінде  21 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан, 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп және 2 адам жастар тәжірибесі бағдарламасы негізінде мамандығы бойынша жұмысқа жіберілген, 1 адам бала күтімімен тіркеуде тұр. Тұрақты жұмысқа орналасқандарының ішінде 3 адам квота бойынша жұмысқа орналастырылған екен.

          Сондай-ақ,  аудандық  мәслихаттың 2015 жылғы 15 наурыз «Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы №34-160 шешімінің 7 тармағының  8 және 9 тармақшаларына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету негізінде есепте тұрған  8 (сегіз) азаматқа  15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реткі жәрдемақы төленген.

          Ал, 2019 жылдың I-тоқсанына пробация қызметінің есебінен 53 адам өтіп, оның ішінде жаза түрлері бойынша  ҚР ҚК 63-бабына сәйкес шартты түрде сынақ мерзіміне сотталған 5 адам, ҚР ҚК-нің 44 бабына сәйкес бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалған 38  адам, ҚР ҚК-нің 50 бабына сәйкес Белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға тиым салынған 6  адам, ҚР ҚК-нің 72 бабына сәйкес мерзімдеріне шартты түрде босатылған сотталғандар 3 адам, ҚР ҚК-нің 74 бабына сәйкес жазасын өтеуді кейінге қалдырылумен сотталған  1 адам тіркелгені анықталған.

Жаза өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты есептен шығарылған 4 адам, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуына байланысты есептен шығарылғаны 2 адам, аумақтық ауысу бойынша 1 адам есептен шығарылып, 2 адам жұмысқа орналасқан.  Олар Нарынқол округі бойынша «Айсұлу» жеке кәсіпкерлігіне А.М.Абек және Қарасаз округі бойынша «Жер-Ұйық» шаруа қожалығына Е.И. Өміров орналасқан. Есептік кезеңге есепте тұрған 46 адам.

Оның ішінде жаза түрлері бойынша ҚР ҚК 63-бабына сәйкес шартты түрде сынақ мерзіміне сотталған 3 адам, ҚР ҚК-нің 44 бабына сәйкес бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалған 35  адам, ҚР ҚК-нің 50 бабына сәйкес Белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға тиым салынған  4  адам, ҚР ҚК-нің 72 бабына сәйкес мерзімдеріне шартты түрде босатылған сотталғандар 3 адам, ҚР ҚК-нің 74 бабына сәйкес жазасын өтеуді кейінге қалдырылумен сотталған  1 адам.

Кәсіптік білім алуға 2 адам жіберілген, олар Текес ауылдық округінен Б.М. Жамбасбаев және Ұзақбатыр ауылдық округінен Е.С. Байынколов есімді азаматтар.

Баяндамашылардың есепті баяндамаларын ескере отырып, комиссия төрағасы  Самат Нақысбекұлы комиссия мүшелерін пробация есебінде тұрған азаматтарды әр мекеме басшыларына бөліп, олармен тығыз жұмыс істеуге міндеттеді. Алдағы уақытта айтулы адамдармен жұмыс істеу жоспарын құрып, өзіне міндеттелген адам бойынша әр мекеме басшысы есеп беруі тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, оларды қоғамнан шеттетпей, барлық адамдармен тең көру керек екендігін, істі болғандарын бетке басып тағы да рухани жазаламау керек екенін қатаң түрде ескеріп, бірлесе келе қоғам болып көмектесіп, қолдау көрсетуге шақырды. Алдағы уақытта жергілікті-атқарушы органдармен бірлесіп, пробациялық бақылау орналыған тұлғалардың аудандық көлемде өтетін жұмыс жәрмеңкесіне қатысуын ұйымдастыруды комиссия мүшелеріне жүктеді. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған тұлғаларды нарықтық сұраныс мамандықтарға даярлау, нәтижесімен жұмысқа орналастыру ауылдық округ әкімдеріне міндеттелді.

Көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақыт та да жиындар өткізіліп, жұмыстар жүргізілетін болады.

Айнаш Әлдибекова,

Нарынқол ауылы

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password