ДҮБІРЛІ ДОДА

       Жуырда Сарыжаз ауылының атшабарында аудан атбегілерінің ұсынысымен, аудан әкімдігінің қолдауымен биылғы маусымның ашылуына арналған бәйге болып өтті. Шара барысында қазақтың ұлттық ойындары аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тазы жүгірту болды. Ауыздығымен алысқан тұлпарлар жас ерекшеліктеріне қарай тай бәйге, құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге болып төртке бөлініп жарыс жолына түсті. Бәйгеге алыс — жақын облыс, аудандардан және өз өңірімізден жалпы саны 153 жүйрік қатысып бақтарын сынады.

        Тай бәйгесінің нәтижесі бойынша 1-орынды бағы мен бабы қатар шауып Дегерестен келген Жапаров Ержанның тайы алды. 2-орынды Алматы об- лысынан қатысқан Қазыбеков Сикош, 3-орынды Ұзынағаштық Нұрмақсұтов Қуаныш, 4-орынды Еңбекшіқазақ ауданынан келген Шенсізбаев Асхат, 5-орынды Сарыбастау ауылының азаматы Батырбай Айбектің тайы иеленді.

       Құнан бәйгесінің жеңімпазы Талғар қаласынан келген Бұлғынов Мерхаттың құнаны болды. 2-орынды Бұрған ауылының қатысушысы Қамзин Мақсат, 3-орынды Жайсаң ауылынан Тайбаев Дастан, 4-орынды Сарыжаз ауылынан Марат Нұрмұхамбетов, 5-орынды Жетігеннен келген Сармамабетов Серік жеңіп алды. Топ бәйге бойынша жарыс жолына шыққан қылқұйрықтардың ішінде 1-орынды Жамбыл ауданынан келген Сұлтан Жоланұлының жүйрігі еншіледі. 2-орынды Меркіден қатысқан Құрманғалиев Төребек, З-орынды ШҚО-нан келіп атының бағын сынаған Жұмаханов Асылан, 4-орынды Талас ауылының атбегі Торғаев Ғалымжан, 5-орынды Нарынқолдық Мұқатай Ғабиденнің тұлпары алды.

      «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, мың тұлпардан шын тұлпарды анықтайтын Аламан бәйгеде Талғар қаласынан келген атбегі Майданбек Айдардың аты алдына қара салмай топтан озып шықты. 2- орыннан Ұзынағаштық атбегі Нұрмақсұтов Жәнібектің қылқұйрығы көрінді. Мәреден үшінші болып Талғарлық Нысанбай Мұхиттың аты өтті. 4-болып Жамбыл ауданының қатысушысы Сұлтан Жоланұлының аты келді. 5-орын Дегерестік Ғалымжанның атына бұйырды.

       Аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов бабалар аманатын арқалап, жүйрік баптап тазы жүгіртіп жүрген осы шараның қонақтарына құрмет көрсетіп, әр жеңімпазды өзі құттықтады. Сонымен қатар, дипломдар, кубоктар бағалы сый-сияпаттар табыс етті.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ,

суреттерді түсірген Ақмарал ТҰРҒАНБЕКОВА,

Сарыжаз ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password