COVID – 19: Ұйғыр ауданы «ҚЫЗЫЛ» аймақта

      Ұйғыр ауданында COVID — 19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Аудан «ҚЫЗЫЛ» аймақта орналасқан.
Жалпы, 2020 жылдың наурыз айынан бастап ауданда барлығы 1627 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген. Осы жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 1599 жағдай тіркелді.
Соңғы 14 күнде коронавирустық инфекциясының 124 жағдайы тіркелді.
Соңғы тәулікте КВИ-дің 30 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 26 симптомдық және 4 симптомсыз жағдай тіркелді. Ауданға барлығы 41312 доза вакцина келіп түсті, оның бірінші компонентімен 21565 адам, екіншісімен – 19747 егілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 14 сәуірінен бастап «Ashyq» пилоттық жобасы енгізілді, бүгінгі күні 287 нысан артықшылықпен жұмыс істеуде, 10 нысан жобада тестілік режимде жұмыс істейді.
Бүгінгі күнге дейін Ashyq қосымшасы арқылы Ұйғыр ауданында 12 қызыл және 2 сары статусты науқастар анықталған.
Одан бөлек, үй карантинін бұзғаны үшін қызыл статусы бар тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша жауапқа тартылады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password