«Буккроссинг» – еркін кітап алмасу жобасы қолға алынды
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « Рухани жаңғыру; болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында Қайнар ауылдық кітапханасы жазғы кітапхана алаңында « Буккросинг» жобасын оқырмандарға ұсынып отыр. «Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Яғни, кез-келген оқырман осы кітап сөрелерінен өзін қызықтыратын оқулықтарды тегін алып, оқуына, сонымен қатар ұнатқан кітабын жеке кітапханаларындағы кітаппен алмастыруына болады. Ауылдық кітапхана заманауи көп салалы ақпараттық орталық. Қанша заман өтсе де кітаптың адам үшін маңызы кемімек емес. Кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды. Бұл орын түрлі ақпарат алумен бірге өзара қарым-қатынас жасайтын орта деуге болады. Аталмыш жобаның мақсаты, салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеп, өнерге, білімге баулып, жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру. Кәзіргі уақытта аудан бойынша ең алғаш буккроссинг жобасы Қайнар ауылында бой көтеріп отыр. Ауыл әкімінің қолдауымен жүзеге асырылған бұл көшпелі кітапхана көпшіл халықтың көңілін марқайтты. Ауыл бойынша 740 оқырман болса, оның басым бөлігі жастар мен зейнет жасындағылар. Сондай-ақ, бұл кітапхана сөрелерін ауыл әкімі С.Шалов,сол ауылдан шыққан Қайрат Құдайбергенов, Ғалия Қайдауылқы сынды халық жанашырлары кітап қорымен байытып отыр. Сөреде әлем және қазақ әдебиеті классиктерінің еңбектері мен балалар әдебиетіне қатысты кітап, журналдар қойылған. Алдағы уақытта ауыл әкімдігінің қолдауымен ғаламтор желісі іске қосылып, оқырмандардың қажетті ақпараттарына қиындықсыз қол жеткізулеріне жағдай жасалмақ.
Кітап оқуға тартудың керемет тәсілі болып табылатын «Буккроссинг» акциясы осыған дейін еліміздің әр аймағында жүзеге асырылып, елдің қызығушылығын оятқан болатын. Ауданымызда бастау алған бұл жоба халықтың кітапқа деген сүйсіпеншілігін арттырып, әр ауылымызда кітапқұмарлар саны көбейе түседі деп сенеміз.
0 Пікір