БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Райымбек ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» және «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

    Бұл іс-шараның мақсаты: ауданымыздағы жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

        Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне аудандық мекемелер, округ әкімдері, шаруа қожалықтар қатысты. Барлық жұмыс берушілер саны -15.

        Атап айтқанда: Қ.Шорманов, Шәлкөде, Уалиханов, Барманбекұлы, Жаменке атындағы орта мектептер сонымен қатар аудандық кітапхана, аудандық тұрғын үй және авто жол бөлімі, аудандық аурухана, аудандық СЭҚ, аудандық «Ұлттық сараптау орталығы», аудандық статистикалық бақылау орталығы және «Қарлығаш» бөбекжай балалар бақшасы, аудандық прокуратура уәкілі, аудандық сот орындаушысы, пробация қызметінің инспекторы т.б.

        Ауданымыздан жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар арасында жұмыс іздеушілер саны -35.

        Ақылы қоғамдық жұмысқа — 2 адам тартылды. Олар Ветеринариялық станцияға жіберілді. Ақылы қоғамдық жұмыс атқарып жүрген 5 азаматқа тұрақты жұмысқа жолдама берілді.

        Сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрінде сотталған 1 азамат бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде аудандық ауруханасына квота есебінде тұрақты жұмыс ұсынылды.

         Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша 6 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password