БОРЫШКЕРДІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

       Бас прокуратураның бастамасы бойынша 2020 жылғы 11 желтоқсанда Жоғарғы Сот «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 нормативтік қаулыға өзгерістер енгізді.

       Нормативтік қаулының 1-тармағының ескі редакциясына сəйкес сот актісін немесе атқару құжатын орындаудың нақты мүмкіндігінің болмауы тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуды жоққа шығарды. Борышкерден өндіріп алуға болатын мүліктің жəне ақшалай қаражаттың болмауы нақты мүмкін емес деп түсіндірілді.

       Бұл норма, егер борышкер анық жалтарған болса да, қылмыстық жəне əкімшілік жауаптылықты алып тастады жəне борышкердің басқа жағдайлары мен əрекеттерін сот актісінің орындалмауы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін ескертпелерді қарастырмады.

       Сондықтан, нормативтік қаулы 1-1 жəне 1-2 тармақтармен толықтырылды, сот актісін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайтын жағдайлардың тізбесі кеңейтілді.

       Енді бұлар: борышкердің дəлелді себептерсіз бас тартуы (сот орындаушысын хабардар еткен сəттен бастап немесе жұмыс орнынан босатылған сəттен бастап) бір ай ішінде оны жұмысқа орналасуға мұқтаж тұлға ретінде есепке қою үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жүгінуден бас тартуы; ұсынылған бос лауазымнан жұмысқа мұқтаж ретінде есепке қойылғаннан кейін екі жəне одан да көп рет бас тартуы; жұмысқа орналастырылғаннан кейін бір ай ішінде жұмыс орнынан өз еркімен; елдің жəне одан тыс жерлердегі курорттық-сауықтыру кешендеріне жолдамалар, өзге де сəн-салтанат заттарын сатып алу жəне қымбат ақылы қызметтер алу; өндіріп алушыға ай сайынғы төлемдерді төмендету мақсатында болмашы табысты белгілей отырып, жалған жұмысқа орналастыру.

        Бұдан басқа, нормативтік қаулының 7-тармағы борышкердің сот актісін орындаудан жалтару мақсатында міндеттемені толық немесе едəуір үлкен көлемде орындау мүмкіндігі болған кезде болмашы ақша сомаларын енгізуі орындаудан жалтару нысандарының бірі ретінде қарастырылатынын түсіндіреді.

  Т.Абеков,

аудан прокуратурасының

аға прокуроры.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password