Биылғы жылы Алматы облысында 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде өңірге 105 млрд. теңге бөлінген, 20 мың жұмыс орнын құрған 1051 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы облыс бойынша 60 мың жұмыс орны ашылды.

— Алматы облысында құрылыс саласында карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Сол сияқты біз шағын және орта бизнес нысандарының жабылуы салдарынан орнынан босап қалған көптеген азаматты осы құрылыс саласында жұмыспен қамтыдық, — деді А. Баталов.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
0 Пікір