БІР ЖӘДІГЕР СЫРЫ

    Құрметті оқырман! М.Мақатаевтың әдеби – мемориалды музейі сіздердің назарларыңызға құнды жәдігерлеріміздің бірі сағатты ұсынамыз.

Күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің алмасуы, осылардың барлығы белгілі  бір уақыт аралығында үздіксіз қайталанып отырады. Күн мен түннің алмасуын, күн мен айдың қозғалысын бақылай отырып, адам баласы жылды айларға, айды күндерге, ал күнді бұдан анағұрлым қысқа уақыт бөліктері сағаттарға бөледі.

Алғашқы кездерде күн сағаты, одан берірек су сағаты, құм сағаты және 578 жылы механикалық сағат, Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағатты ойлап тапқан. Маятник (ұзынша салмасы бар ұзын шыбықша) бір қалыпты тербеледі. Яғни, оның әр тербелісі бірдей уақыт аралығында қайталанады. Маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кететін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. Маятник сағаттың жүрісін реттеп отырады. Бұған қоса сағаттың барлығында да энергия көзі болып табылатын ең қажетті бөлшек бар, ол салма тас, не  болат серіппе, электр батарея. Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған үстел сағаты яғни маятникті сағат. Ақын Мұқағали Мақатаевқа тиесілі. Бұл сағатты ақын Мұқағали Мақатаев 1972 -1976 жылдар аралығында  өзінің жұмыс бөлмесінде қолданған.

Ал 1991 жылы отбасынан музейдің алғашқы директоры Әбдіке Асанов музей қорына алған. Қазір музейдің 2 қабатында ақынның жұмыс бөлмесінен орын алып тұр.

Алмагүл ЖҰМАҒҰЛОВА

М.Мақатаевтың әдеби-мемориалды

музейінің қор сақтаушысы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password