Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың тәртібін білесіз бе?

     Өткен жылы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң қабылданған болатын. Аталған Заң Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізу құқығын іске асыруға бағытталған.

Заңда бейбіт жиналыстарды өткізудің хабарламалық және регламенттелген тәртібі көзделген.

Бірінші жағдайда жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастырушы өткізілетін күніне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей олардың өткізілетіні туралы жергілікті атқарушы органды алдын ала хабардар ету көзделген, ал демонстрация мен шеру өткізу үшін іс-шараны ұйымдастырушы өтініштер өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде оларды жіберуге тиіс.

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 5-бабының 4-тармағына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған кезде бейбіт жиналыстар өткізіге жол берілмейді.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу зорлық-зомбылық сипаттағы, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қатысу еріктілігі, бейбіт жиналыстарды өткізу пайдасына презумпция, тараптардың жауапкершілігі қағидаттарына негізделуі тиіс.

Соңғы жылдары интернет кеңістігінде азаматтарды хабарламалар мен бейнероликтерді тарату арқылы заңсыз акцияларға қатысуға шақыру жиілеп, азаматтарды заңды бұзуға итермелейтіні құпия емес.

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы заңдарды бұзу, оны ұйымдастырушылардың және қатысушылардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан республикасы Кодексінің 488-бабымен әкімшілік жауаптылыққа және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 400-бабымен қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты Райымбек ауданының прокуратурасы қолданыстағы, соның ішінде Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Райымбек ауданының прокуратурасы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password