БАР МЕЙІРІМ БАЛАҒА

Бүгінгі күн ерекше күн ерек күн,

Сәбилердің күлкісі де бөлек тым.

Бүгінгі күн ата-ананың үміті,

Шаттық тойы былдырлаған бөбектің.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Балалар елді ң болашағы, ұлттың жалғасы. Жайма- шуақ жаздың алғашқы күніне дәл келетін халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты, 30-мамыр күні Қарлығаш балабақшасында мерекеге арналған салтанатты кеш өтті. Бұл мерекені бүкіл әлемде 1950- жылдан бастап атап өтеді. Балабақшадан тәрбие алып жүрген бүлдіршіндер мерекеге келген ата-аналар мен қонақтардың көңілін көтеріп ән салып, би биледі. Мерекелік шараға ерте жас «Балапан» тобы, «Бал бөбек», «Айналайын», «Айгөлек», «Шұғыла», мектепалды даярлық «Балдырған» топтары қатысып, өнерлерін көрсетіп, қошеметке бөленді. Бала – біздің болашағымыз! Бала қуанса – әлем қуанады, сондықтанда әрқайсысымыздың бүлдіршіндеріміз аман-есен, шат-шадыман күйде ата-аналарының көз қуаныштары бола берсін  дегіміз келеді.

 Фоторепортаждық материалды дайындаған Елдос Ахметжан

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password