БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУБАСТЫ ПАРЫЗ

       Еліміздің ертеңі, болашақтың тұтқасы, келер күннің жалғасы, дамудың құлпытасы-балалар қауымы. Халықаралық балаларды қорғау күні ең алғаш 1950 жылы БҰҰ қолдауымен әлемдік деңгейде тойланған. Қазақстан халқы да бұл бастаманы қос қолдап құптады. Содан бері уақыт ағынымен қатар жыл сайын дәстүрлі түрде «1 мамыр-Балаларды қорғау күні» атап өтіледі. Аудан көлемінде де бұл күн маңызы шет  қалмайды.

       Балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметіміздің басты қағидаты деп білеміз. Сол себепті, аудан аумағында жалпы балаларды қорғау мақсатында жасөспірімдермен түнгі рейттік жұмыстар жүргіземіз. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын үй жайынан тыс ата-анасының елеуінсіз ойын-сауық мекемелерінде, қоғамдық орындарда жүруі бойынша тексеріліс жұмыстары өткізілуде. Бұл іс аптасына 3-4 рет тек жергілікті полиция қызметкерлері емес, аудандық білім бөлімінің, аудандық әкімшіліктің кәмелетке толмаған істер жөніндегі комиссиясының өкілдерінің қатысуымен атқарылады. Балаларды қорғау аясында ата-аналармен штаттық режимде кездесіп, үндеу жарияладық. Қазіргі таңда мектеп оқушылары жаздық демалысқа шығатындықтан алдын ала түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қолға алынып, соның ішінде күн жылынуына байланысты өзен-көлдерге, демалыс орындарына (тау,орман) ата-ана қарамағынсыз жалғыз баруға қатаң тыйым салынғандығы ескертілді. Қылмыстық жауапқа жасөспірімдер 16 жастан,аса ауыр қылмыстық жайт тіркелсе 14 жастан бастап тартылады. Өткен 2020 жылы аудан бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында 2 қылмыстық іс тіркелген болатын. Биыл жасөспірімнің қатысуымен орын алған қылмыстық істер тіркелмегендігін мақтанышпен айта аламыз. Жасалынған профилактикалық жұмыстардың оң нәтижесі деп білеміз. Алдағы уақытта түнгі рейттік жұмыстарды күшейту жағдайлары, дүкен сатушыларына 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі, ішімдік өнімдерін сатпау жөнінде, демалыс орындарын тексеру жайындағы жұмыстар жоспарда бар. Райымбек аудандық полиция бөлімінің БДБ базасына жыл басында 19 қолайсыз отбасы тіркелген еді. 5 отбасы тұрмысы түзелгендіктен есеп тізімінен алынды. Алып қосарлығы, бала денсаулығының құқығын қорғау мақсатында ауруханалық мекемелермен тығыз байланыстамыз. Жазатайым оқиғалар болса алдымен 102 номеріне емханадан хабар түседі. Сол бойынша ауруханаға барып ақпараттар жинастырамыз.

       Балаларды қорғауды ең алдымен ата-аналар жауапкершілігіне алғаны дұрыс.Қазақстан Республикасындағы Заңнаманың 62-бабы бойынша ата-аналар балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға және тәрбиелеуге құқылы әрі міндетті. Осы жарғыны ескере отырып, бала бағу ісіне салғырттық танытпай, көбірек көңіл бөлсе екен дейміз. Ата-ана қарамағындағы бала қиындыққа душар болмайды деген сенімдеміз!

Асел Садвакасова,

Райымбек аудандық полиция

бөлімінің жергілікті полиция

бөлімшесінің ювеналдық

полиция тобының инспекторы,

полиция лейтенанты.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password