Бабаларын ұрпағына табыстаған

Жетісудың төрі, аспантау өлкесі – Нарынқол аймағы ұлтымыздың мақтанышына айналған тарландар мен таланттарды, батырлар мен ақындарды, жазушылар мен суретші, әншілерді өмірге әкелген киелі өңіл.
Мұзбалақ ақын Мұқағали, бабалар әденбиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев, отызында орда бұзған Нұрбапа Өмірзақов, қарымды қаламгер Сағат Әшімбаев, Баққожа Мұқайсынды біртуар азаматтарымызға алтын бесік болған қасиетті мекен. Бұл тізімді жалғастырар болсақ «Даңқ» орденінің толық иегері болған Бейқұтбай Дембаев, халық батыры Ұзақ Саурықұлы, Жәмеңке Мәмбетұлы, Еңбек Ерлері Қ.Диханбаев, Н.Әшімбаев т.б болып, тізген маржандай жайсаңдар есімі атала береді.
Осынау аяулы да, ардақтыларымызды кейінгі жас ұрпаққа табыстырар, бейнелерін жаңғыртып, биікке көтеру арқылы еліне-жеріне деген сүйіспеншілік ұлтжандылық қасиетін оятуға жәрдем беретін біртуар азаматтың осы топырақтан жаратылуы да тәңірдің бізге берген сыйы деп білеміз.
Аудандық «Хантәңірі» газетінің 2019 жылғы 1- қаңтардағы бірінші санында жарық көрген «Тәңіртаудың Құрақбайы» мақаласындағы ой-пікірлерді толық қуаттаймыз!
Мүсінші Құрақбай Үсенұлының 70 жылдығы облыстық деңгейде өткізілсе, Нарынқол оқу-өндірістік комбинатына аты беріліп, мүсіні орнатылса, Қайнар, Қарасаз, Қақпақ, Сарыбастау сияқты өзге де ауылдардан көше аты берілсе, еңбектері Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылса, осы оқу орнынан өңіріміздің таланттарына арналып мұражай ашылуы қолға алынса елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» еңбектерінен туындайтын таланттар үдесінен шығатын жастарымыздың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік қалыптастыратын киелі орын болар еді.
Айтақын Әбдіқал,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын.
Дәулет Желдікбаев,
Қазақстанның Құрметті журналисі, ауданның Құрметті азаматы.
Бейбіт Дәлденбаев,
Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері.
Тоққожа Қожағұлов,
ҚР Суретшілер одағының мүшесі «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері.
Бекболат Бірбаев,
Облыстық мәслихаттың депутаты, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы.
Нұрболат Искаков,
ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
Қанат Ахметов, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы.
0 Пікір