БАҚЫТЖАННЫҢ БАҚУАТТЫ ЖОЛДАРЫ

        Атамыз қазақта; «Жақсы туса елдің ырысы, Жаңбыр жауса жердің ырысы» деген мақал бар. Өмірдің түрлі соқпағынан өткен бабаларымыздың әрбір сөзі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Осы мақалда айтылғандай ұлтымыздың арасынан жақсылар туып, елдің ырысы болып жүрген азаматтарымыз баршылық. Сондай азаматымыздың бірі сарыбастаулық Суанбек Бақытжан — деп айтсақ қателеспейміз. 1951 жылы 18 маусымда Сарыбастау ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіріп, өз ауылында механизатор болып жұмыс істеген. Тиісті жұмысын атқара жүріп, өз халқына пайдасын тигізу мақсатында «Ұлағатты ұрпақ» атты қор құруды жүзеге асырған. Осы құрылған қордың жобасы бойынша ауданымызда айтарлықтай игі істерді жүргізіп келеді. Соңғы жылдарда оқушылардың білімге деген ынтызарларын арттыру мақсатында мыңнан аса жақсы оқыған мектеп оқушыларына шәкіртақы тағайын — даған. Кеген, Тарбағатай және Райымбек ауданының көптеген мектептеріне «Роботтехника», «Лингафон» сыныптарын ашып, қазіргі заман талаптарына сай техникалармен сондай-ақ еңбек сыныптарына қажетті тігін машинал арымен қамтамасыз еткен. Елімізде тұңғыш рет мектеп оқушылары үшін «Еңбек және кәсіпкерлік» олимпиадасын және «Бабалар аманаты» атты оқушыларға арналған жыр бәйгесін өткізіп, озат жеңімпаз — дарға сыйлықтар тағайындаған. Мектеп кітапханасын халқымыздың жыр –дастандар кітаптарымен қамтамасыз еткен. Қарасаз ауылдық ауруханасына мүмкіндігі шектеулі ерекше туған балалар үшін құны екі миллионнан асатын арнайы оңалту бөлмесін ашып берген. Екі жүзге тарта шалғай аудандардағы озат оқушыларды еліміздің астансы Нұр-Сұлтан қаласына өз күштерімен апарып, жаңа астанамыздың көрікті жерлерін аралатып қайтқан. Кейінгі жас ұрпаққа бабамыздан келе жатқан қолөнер түрлерін, атап айтқанда қамшы өру, кесте тігу, киіз басу, сойылған малдың етін мүшелеп бұзу, киім тігу түрлерін үйрету сонымен қатар имандылыққа тәрбиелеу мақсатында Сарыбастау ауылынан медрессе ашып берген. Жаз айларында сарыбастаулық жастар ұлтымыздың салт- дәстүрлерінен тегін сабақтар алуда. Елімізге келген пандемия кезінде Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ және Талғар ауданы ауруханаларына арнайы оттегі концентраторлары мен қажетті дәрі-дәрімектер және бетперделер мен антисептиктер жеткізіп берген. Қырыққа жуық церебалды паралич ауруы бар балаларға берілетін квота санын көбейтуге мүмкідік жасаған . Сонымен қатар , көптеген мүмкіндігі шектеулі балалар — ды қамқорлықтарына алып, материалдық көмектер беріп келеді. Үйі жоқ жағдайы төмен отбасыларды үймен қамтамасыз етуді өз жоспарларына кіргізген. Сарыбастау ауылына талапқа сай мешіт салып, оның барлық жағдайларын (жылыту мен электр жарығын және қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуді , тағы басқа шығында — рын өтеу) жасап беруді «Ұлағатты ұрпақ» қоры өз мойындарына алған. Оның сыртында ауылды көгалдандыру жайы да ескерусіз қалмаған. Биыл елімізге танымал дарынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толу қарсаңында мектеп бітірген оқушыларға қор атынан 90 грант бөлуді де жоспарларына кіргізген. Осындай игілікті істерді жүзеге асырып отырған «Ұлағатты ұрпақ» қорының құрылтайшысы Бақытжан биыл 70 жасқа толып отыр. Жерлесіміз Бақытжанды туған күнімен құттықтай отырып, өзінің және «Ұлағатты ұрпақ» қор қызметкерлерінің бақытты болуына тілектеспін! Егеменді елімізде бейбітшілік болып, Алланың көзі түзу болсын!

Беркін ӘКЕБАЕВ,

Алматы қаласы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password