БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ ИГІЛІК

    Қасиетті Тәңіртау етегіндегі ауылдарда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары сәтімен жалғасып келеді. Атап айтқанда, мемлекетіміздің «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан аумағындағы Қарасаз ауылында былтырдан бері ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Су жүйелерінің жалпы көлемі 14 шақырымды құраса, соның 9 шақырымына су құбырлары тартылып қойылды. Бюджеттен 381 миллион теңге қаражат бөлінген бұл жаңғырту жұмыстарын «Дәнекер» ЖШС-нің құрылысшылары мен мамандары қолына алған. Ауыл тұрғындары биыл таза ауыз суға қолдарын жеткізеді.

    Мұндай игілікті шаруа Шәлкөде ауылында да  жүргізіліп жатыр. Ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Су жүйесі алдағы сәуір айында іске қосылады деп күтілуде. Биыл аудандағы Жаңа Текес ауылында да ауыз су жүйелері жаңғыртылатын болады. Оған бюджеттен 43 миллион теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар, Тегістік, Көкбел, Тұзкөл, Қаратоған ауылдарындағы ауыз су жүйелерін жаңғырту мақсатында қажетті құжат жұмыстары қолға алынған.

                                                                                              Қ. САТЫБАЛДЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password