Бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқырғаны үшін жауаптылық күшейтілуде

 Республика аумағында тіркеліп жатқан қылмыстардың жартысынан көбісін, жыл сайын тұрақты түрде ұрлықпен байланысты қылмыстар құрауда.

Соңғы 25 жылда 2 млн.-ға жуық ұрлықпен байланысты қылмыс тіркелсе, 1,5 млн. ашылмаған қылмыстар санатында. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерінің әсерінен 40 млрд. теңгеден астам материалдық зиян келтіріліп, тек жәбірленушілерге жартысынан азы ғана қайтарылған.

Аудан көлемінде ұрлықпен байланысты қылмыстардың 37,5% өсу үдірісі байқалуда, оның ішінде, тұрғын үйге кіру арқылы жасалған қылмыстар өскен.

Көбіне ұрлықшылар үйге кіре-беріс есікті бұзу арқылы, кілтті таңдап ашу арқылы, терезе арқылы қылмыстарын жүзеге асырады.

         Ұрлықшылар көбіне өздерінің олжалары ретінде ақша, тұрмыстық техника, әшекей бұйымдар, ұялы телефондар, қымбат сыртқы киімдерді алып кетеді.

Ұрлықтың орын алуының негізгі себептеріне – адамдардың өз меншіктеріне қоғамдық орындарда, көліктерде жауапкершіліксіз қарау, тұрғылықты мекен жайды, жұмыс орынды және көлікті ең кажетті ұрлықтан қорғау жабдықтармен қамтамасыз етпеу болып табылады.

Орта есеппен алғанда, Республика аумағында күніне 73 пәтер тоналады, олардың көпшілігі кәсіби мамандармен орындалуда. Тіпті кәсіби мамандармен орындалмаған жағдайдың өзінде, қылмыс субъектісі ұсталғаннан кейінде жәбірленуші тараппен татуласып қылмыстық іс өндірістен тоқтатылып жатады. Мұндай жазасыздық қылмыскерлерге қайтадан ұрлық жасауға мүмкіндік береді.

Сондықтан да, Бас прокуратурамен пәтер ұрлығын қылмыстың ауыр санатына ауыстыру мәселесі көтеріліп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларын жетілдіру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына негізделуде.

Заң жобасына сәйкес, ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағында «тұрғын үй, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралдарына заңсыз кіру» деген саралау белгісі ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағына ауыстыру жоспарлануда.

Сондай-ақ күн сайын елімізде 15ке жуық мал ұрлығының оқиғалары орын алып, олардың жартысы алғашқы жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде анықталуда. Көп жағдайда мал иелері кінәлі адамдарды таба алмайтыны үшін полиция қызметкерлерін сынға алады, ал полиция қызметкерлері өз кезегінде мал иелерінің өздерін кінәлайды.

Статистикалық мәліметке сәйкес мал ұрлығының 72% бақылаусыз жаю орындарынан орын алады. Әдетте мал иелері меншігінің жоғалғандығын тек бір апта өткеннен кейін аңғарады. Бұл мезетте мал ізінің суып кеткеннен кейін алдын-ала шұғыл жедел іздестіру жұмыстарының сапасы шамалы болып табылады.

Жазалау тәжірибесіне сәйкес мал ұрлығы үшін бір жылға шартты мерзімге немесе 500 мың теңгеге дейінгі айыппұл салуға жазаланады. Ал ауыл шаруашылығы министірлігінің мәліметінше, бір жылқының бағасы 600 мың теңгені құрайды.

Статистика бойынша қылмыстық істердің 25% тараптардың татуласуларына байланысты тоқтатылады, тек 14% ғана сотқа жолданады, ал мал ұрлығын жасап ұсталғандардың 43% бұрын осы қылмысты жасаған тұлғалар.

Осыған орай, Бас прокуратурамен мал ұрлығы үшін жауаптылық пен жазаны қатаңдатып, жеке нормаға ауыстыру туралы мәселе қозғалған.

Бұл нормаға сәйкес, татуласу құқығынан айырыла отырып, мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына жазаланады.

Осылайша, қылмысты жеке нормаға ауыстыру мал ұрлығына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырады және олардың төмендеуіне айтарлықтай ықпал етеді деген сенімдеміз.

Бүгінгі күні аталған Заң жобасы Парламент Мәжілісіне келісілуге жолданып,талқылануда.

Н.БАЙБОРИЕВ,

аудан прокуратурасының

 прокуроры.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password